• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТАҒЫ БІР ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Автор:admin

Ноя 12, 2024
Spread the love
Бүгін халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында жаңа гүлзар ашылды. Гүлзар аумағы 0,2 гектар.
Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.
Сонымен қатар, шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Бұл аумақта жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика