• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ӘКІМ ШЕШІМІ: ШЫМКЕНТТЕ 250 МЫҢНАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Автор:admin

Сен 3, 2024
Spread the love

Биыл мамыр айынан бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен 14 санаттағы азаматтарға, атап айтқанда I және II топтағы мүгедектерге, 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 7 жастан 17 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына қалалық бағыттар бойынша тегін жүру қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қалада 250 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көліктерде тегін жүреді.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жеңілдетілген көлік карталарын шығару және сату бойынша 5 пункт ашылды. Сонымен қатар, жолаушылардың сұраныстары мен өтініштері ескеріле отырып, биылғы жылы 39 бағыттың қолданыстағы қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізілді. Барлық шағынаудандар мен тұрғын алабтар, соның ішінде шалғайда орналасқан елдімекендер толық қоғамдық көліктермен қамтылған.
Еске саларлық, 1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілген болатын.
Қазіргі таңда, 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды:
— №66 автобус маршрутының сызбасы Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды;
— №71 автобус маршрутының сызбасы Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды;
— №70 автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды;
— №69 автобус маршрутына кесте қосылды, яғни жұмыс күндері 13 автобус, демалыс, мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды;
— Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №139 бағыттағы автобустардың сызбасы уақытша өзгертілді.
Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Жолаушылардың сұранысына сәйкес, сол бойынша 2 тасымалдаушы жаңартамыз деп отыр, біз күтіп отырмыз. Егер жаңартпаса біз ары қарай шара қабылдаймыз. Соладың бірі осы Абдуғаниев болып табылатын, оған талап қойылды, ол бір маршрутты толық жаңартып отыр».Жаңалау жұмыстары транспорт басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісімшарттар негізінде жүргізілді. Қызмет көрсету шығындарын транспорт басқармасы өз мойнына алады, яғни төлемдер субсидия есебінен жүзеге асырылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика