• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ZOOM — ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Май 1, 2024
Spread the love

Әйелдер қанатының ZOOM — платформасы арқылы «Әйелдердің саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы мен ықпалының өзекті мәселелері» атты тақырыпқа сараптамалық талқылау өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ш.Т. Каринова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия Әйелдер қанатының тең төрайымы Ж.Д. Сүлейменова, партияның Әйелдер қанатының тең төрайымдары, аймақтық кеңесшілер, партия белсенділерімен сарапшылар қатысты.
Нәзік жандардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында партия жанынан Әйелдер қанаты құрылып өз жұмысын белсенді жүргізуде. Қыз-келіншектер қашан да адами капиталдың дамуына және елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының артуына оң әсер етіп келеді.
Талқылаудың мақсаты әйелдердің саясаттағы қазіргі рөліне және оған қатысуына жан-жақты талдау жүргізу, саяси шешімдерді қалыптастыру мен жүзеге асыру кезінде әйелдер басты рөл атқара алатын инклюзиялық саяси ортаны құру үшін әйелдердің шешім қабылдау процестеріне ықпалын күшейту үшін туындайтын негізгі кедергілер және оны күшейту мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Жиын соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Д. Сүлейменова, көшбасшы-әйелдердің саясат пен қоғамға ықпалы, әлеуметтік және экономикалық процестерге енгізген маңызды өзгерістер туралы кейстерді талдау жасап отырысты қорытындады. Қатысушылар тарапынан қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Айта кететін, «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалына қарасты «Жаңару» бастауыш партия ұйымының І-тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Жиынға Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қатысқан болатын.
Күн тәртібіне сәйкес «Жаңару» БПҰ-ның төрайымы Қарабаева Жайна 2024 жылдың алғашқы үш айы бойынша атқарған ілкімді істер жайлы айтып, өзіне жүктелген міндеттің орындалғаны жайында баяндады. Аталмыш бастауыш партия ұйымында – 1060 партия мүшесі болса, оның ішінде 994 жұмыс жасаушы, 36 жұмыссыз, 20 декреттегі ана, 10 зейнеткерлер бар.
Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымы «Қарызсыз Қоғам», «КІТАП-AMANAT», «Ардагерлерді ардақтайық, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» және «ТазаLIKE» партиялық жобалары аясында тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп, алдағы уақытта да тың жобаларды қолға алатындарын тілге тиек етті.
Кездесу соңында қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекқызы, бастауыш партия ұйымына жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарына қолдау білдірді. Алдағы жұмыс бағыты ретінде партиялық жобалар бойынша көбірек жұмыс жүргізуді және Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының іске асырылуын бастауыш партия ұйымдарының алаңдарында талқылауды ұсынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика