Түркістан облысының дін істері басқармасының тапсырысымен «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі Сайрам, Келес, Сарыағаш аудандарының мектептері мен мешіттерінде «Әйел әдемі әдебімен» жобасы жүргізіліп жатыр. Мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Жоба аясында Сайрам ауданы бойынша 42 кездесу өтті. Оның 24 білім беру ұйымдарында өтсе, 18 мешіттерді өтті. Нәтижесінде мыңға жуық оқушы мен мешіт жамағаттары жат ағымдардан сақтандырылды.
Сондай-ақ, мектеп формасы мен әдебін сақтау, тек ресми дереккөздерден ақпарат алу, пайдалы іспен айналысу, ата-ана, ұстаздарды құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, туыстық қатынастарды үзбеу тақырыптары қозғалды. Бір елде өмір сүріп жатқандықтан бөлінбеуге шақырылды.
Кездесулерге теологтар, психологтар, аудандық Ішкі саясат бөлімінің мамандары мен журналистер қатысты.