Әлеуметтік жағдайды реттеу мемлекеттің негізгі бағыты болып табылады. Себебі бұл сала мемлекет әлеуетінің көрсеткіші. Өмірлік қиын жағдайға душар болғандарға қызмет көрсету- мүгедектік, өз бетімен өмір сүруге қабілетсіздік, жұмыссыздық бойынша жүргізіледі. Яғни бірнеше санаттағы жандарға кешенді әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынылады. Жалпы таң атып күн батқанша халықтың көбі осы мекемеге жиналады. Әр қайсысы әр – түрлі мәселемен. Бірі жұмыссыздық, екіншісі әлеуметтік сұрақпен келеді. Ал оларға жауап беріп қана қоймай, сұраныс аясына сай келетіндеріне көмектесу басты мақсатымыз.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолың түсе қалғанда осы көріністі көзің шалады. Бұл салада көптеген реформалар жүзеге асты. Халықтың әлеуметтік жағдайы қай кезде де бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл жайында Мемлекет басшысы кеңінен айтып әлеуметтік саланы көтеруге нақты тапсырмалар беріп келеді.Әлеуметтік сала – халық тұрмысының индикаторы. Жетісай ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2022 жылдың 7 айда бір қатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: Ұлы Жеңістің мерекесіне орай аудан бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушысы Папков Петр Кузьмичке құттықтаулар және марапаттар табысталып 1,0 млн. теңге бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы көмек берілді. 358 тыл ардагерлерімізге 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы алды.
9 Ұлы Отан соғысының мүмкіндігі шектеулі ардагерлерінің жесірлеріне 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді. Сондай ақ, 145 Ауған соғысының ардагерлеріне 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек берілді Тағы 37 Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. 64 Семей ядролық сынақ полигонында ядрлық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді. Чернобыль атом электр станциясының жабылуына қатысқан 32 азамат 30 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы алды. 70 туберкулез ауруына шалдыққан науқас та әр ай сайын 10 айлық есіптік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алып тұрады. В-20 инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-аналарына екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын әр балаға (76920) теңге жергілікті бюджеттен жәрдемақы төленеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына үйде тәрбиелеп оқытуға жұмсайтын шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 220 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалардың ата-аналарына ай сайын екі айлық есіптік көрсеткіш мөлшерінде (6360) теңге жәрдемақы төленеді.
Аудан бойынша 2022 жылдың 7 айда “Ардагерлер үйінде”- 242, “Мейір” ардагерлер үйінде – 257, «Әмзе» санаториясында – 268, «Асем-Ай» санаториясында — 201 зейнеткерлерімізге демалып, денсаулықтарын түзеп қайту үшін жолдама берілді.
Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 2022 жылдың 7 айда 22 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолдама арқылы дене шынықтыру емін алып қайтты.
Жетісай ауданы бойынша «Инватакси» қызметін көрсету үшін 2022 жылы 7 айда қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда 4-инватакси автокөлігі жолға қойылды және 2 – диспетчерлік кезекші, 1-медициналық дәрігер, 3-көмекші (автокөлікке мініп түсіруші) қызметшілері 246 ересек және 54 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызметтер көрсетілуде.
Жетісай ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп Әлеуметтік такси Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау қызмет көрсетуде. 2022 жылдың 6 айда 7-әлеуметтік автокөлігі жолға қойылды және 2 – диспетчерлік кезекші, 1-медициналық дәрігер, 1-есепші қызмет көрсетуде. 312 ересек және 89 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызметтер көрсетілуде.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін және тиісті көмектер алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке ЭЦҚ арқылы өтінімдер берілуде. 2022 жылдың 7 айда «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 74 өтінім, «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» 146 өтінім берілді. «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне (міндетті гигиеналық құралдарға – 1555, техникалық көмекші құралдарға – 208, тифлотехникалық құралдарға – 258, сурдотехникалық құралдарға — 84. Протездік-ортопедиялық бұйымдарға -446 өтінім, кресло-арбаларға 215 өтінім берілді. «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 725 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтінім білдірді. 2022 жылдың 7 айда жалпы 3711 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 3193 өтінім «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тиісті көмектерін алды.
2022 жылдың 7 айда 5231 отбасыға немесе 30775 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Оның ішінде Шартты – 4898 отбасыға немесе 29196 адамға, Шартсыз – 333 отбасыға немесе 1579 адамға. 2022 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төленуде.
2022 жылдың 7 айда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 5260 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тарқатылды. Оның ішінде 1-3 жас аралығында 2000 бала, 3-6 жас аралығында 3760 бала. 2022 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама әр атаулы әлеуметтік көмек алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлы қолтаңба) «Әлеуметтік көмек» порталы арқылы өз таңдауымен жүзеге асырылады.
2022 жылы 7 айда 3227 туу туралы акті жазбалар, 486 қайтыс болу туралы акті жазбалар, 701 неке қию туралы акті жазбалар, 34 неке бұзу туралы акті жазбалар, 24 атын, әкесінің атын өзгерту туралы акті жазбалар, 166 қалпына келтіру туралы акті жазбалар «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тіркелді.
2022 жылы 7 айда жалғызбасты еңбекке жарамсыз 235 қарттар мен мүгедектерге, 300 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 131 адамға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» Стандарты негізінде, әлеуметтік қызмет көрсетіледы.
Аудан бойынша жасы 100-ден асқан 7 қариямыз бар,оларға туракты түрде назарда және мереке күндері демеушілер тарапынан сый-сыяпаттар табыс етіледі.
Аудан бойынша зейнетақысына қосымша үстемақы алатын ешкімі жоқ 80 жастан асқан жалғызілікті қарттар саны – 22. Қариялар ай сайын зейнетақысына қосымша екі айлық есептік көрсеткіш 6126 теңге мөлшерінде үстемақы алуда.
Бөлімнің жанынан мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға арналған Жетісай қаласында орналасқан «Балдәурен» және Асықата кентінде орналасқан «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығы жұмыс атқаруда.
Бұл орталықтарда жалпы 115 бала арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет алуда. Балаларға арналған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері бар. Топтар бала жасына ыңғайластырып жабдықталған. Оңалту орталықтары сауықтыру және әлеуметтік, оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетілуде. Орталықтарда мүмкіндігі шектеулі балаларға Логопед, Психолог, Дефектолог, Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, Дене шынықтыру мұғалімі, Музыка мұғалімі, Балалар дәрігері, Массаж жауап жөніндегі мейіраға, Тәрбиеші, Мәдени ұйымдастырушы, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балаларымыздың денсаулығын жақсарту және оңалту мақсатында үздіксіз қызмет атқаруда. Нәтижесінде оңалту орталықтары ашылған күннен бастап, балаларымыздың бойында оң өзгерістер өте көп. Сөйлей алмай келген балалар сөйлеп, жүре алмайтын балалар жүріп өз-өзіне қызмет көрсетіп жатқан жағдайы бар.
Аға буын және мүмкіндігі шектеулі азаматтарының жағдайын жақсарту мақсатында ауданда 2021 жылы Жетісай қаласында және Асықата кентінен «Асыл Қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылып өз жұмысын бастады. Орталықта қазіргі таңда 487 зейнеткер және 78 мүмкіндігі шектеулі жандар есепке алынды. Орталықта зейнеткерлерімізге және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған йога, массаж жасау бөлмесі, сенсорлық бөлме, тұзбен емдеу, еңбек терапиясы және т.б. қызмет түрлері көрсетілуде.
Демеушілерменде бір қатар жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда бөлім жанынан ашылған «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені арқылы 2022 жылдың 7 айында әлеуметтік көмек түрінде 315 тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылар киім-кешекпен, 142 отбасылар аяқ-киіммен және 41 отбасы азық-түліктермен қамтамасыз етілді.
Бұған қоса аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Асықата кентінде және Ж.Ералиев ауылдық округінде қайырымдылық әлеуметтік дүкендері ашылды.
2022 жылдың 7 айда 137 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 40000,4 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек берілді.
Аудан бойынша барлық бөлімдер арқылы 57 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ол көрсетіліп жатқан аудан бойынша мемлекеттік қызметтің 35% пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы «Балалар жылын жариялау туралы» №780 Жарлығына сәйкес, бөлім тарапынан «Баланы жетімсіретпеген ел» іс-шара жоспары бекітіліп, бір қатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Балдаурен» күндіз болу орталығында» ағымдағы жылдың 1 маусым күні мұмкіндігі шектеулі балдардың,олардың ата-аналармен қатысумен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеменің басшысы А.Д. Абжанов балаларға құттықтау сөзін айтып, ыстық лебізін білдіріп, балаларға деген сый-сияпатын көрсетті. 50 балаға ойыншық,тәттілер,ыстық тамақ берілді. Демеушілер қолдаумен 400 000 теңге көлемінде сыйлықтар табысталды. Ата-аналар да сөз алып жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән айтып, би билеп қуанышқа кенелді.
Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Асықата өңіріндегі «Үміт ұясы» күндіз болу орталығындада» ағымдагы жылдың 1 маусымында «Біз бақытты баламыз» атты 1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне мекемеде қызмет алушы балдармен бірге концерттік бағдарламалар жасалынып, балаларға Аудан әкімінің атынан сыйлықтар табыс етілді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Прімбеков Серік, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абжанов Әділхан Досыбайұлы, Асықата кентінің әкімі Серіков Бақыт, №11 Жеңіс ЖОМ директоры Убайдина Гульмира сынды қонақтар мерекелік іс – шараны ашып беріп, мүмкіндігі шектеулі балаларымызға құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті және осы іс-шараны өткізуге демеушілік көрсеткен барлық демеушілерге және Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарына үлкен алғыстарын білдірді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне қаржылай, заттай қолдау жасаған демеушілерімізге Жетісай ауданы әкімі М.Болатұлы, «Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Ә.Асауов, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Абжановтың атынан алғыс хаттары табыс етілді.
Демеушілер көмегімен 420 000 теңгеге заттай сыйлықтар, азық-түлік өнімдері алынып 60 балаларымызға таратылды, мерекелік дастархан жайылды.
Бүған қоса бөлімге қарасты мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерде қызмет алатын 302 балаларға қайырымдылық акция өткізіліп 2250,0 мың теңгеге теңгеге азық-түлік және киім-кешек түрінде көмек берілді.
Жалпы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйымдастырумен «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай демеушілер көмегімен қайырымдылық акция өткізіліп 412 мүмкіндігі шектулі балаларға 3070,0 мың теңгеге азық-түлік және киім-кешек түрінде көмек берілді.
Әділхан Абжанов
Бөлім басшысы