• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

Отбасылық құндылықтарын жастарға насихаттау, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында Мақтаарал ауданы полиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Асқар Төлегенұлының шаңырағында болдық.
Елу жылға жуық бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп келе жатқан Асқар Төлегенұлы мен Қалдыкүл Әліпбайқызы бүгінде 2-ұл, 4-қыз тәрбиелеп, немере-шөберелердің алдында қызыққа толы ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасы.
Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр тұлғалардың болғаны ақиқат. Батылдық, табандылық, инабаттылық, үлкенді силау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұл нағыз ата-ананың еңбегі екені даусыз.
Міне осындай өз елінің нағыз патриоты адал офицер Мақтааарал аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Ерлан Төлеген осы ата -анадан тәлім алған ержүрек азамат.
Алтын асықтай ұлды дүниеге алып келіп, асыл азамат етіп тәрбиелеп, отанға қызмет етіп, халық алдындағы борышын абыроймен атқаруға бастаған Асқар ағамыз бен Қалдыкүл анамызға шынайы құрмет көрсетіп, отбасына бақ -береке, ұзақ ғұмыр тілеп, сый сыяпат табыстадық, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика