• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Автор:admin

Апр 12, 2023
Spread the love

Шымкен қаласы Тұран ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – кемел келешек кепілі» тақырыбында Индустриялды техникалық колледж жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, қыздар арасындағы ерте жүктілік пен кереғар діни ағымдардың алдын алу.
Кездесуге Шымкент қаласы Дін істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог-маман Жұмаділлә Бексұлтан, Психикалық денсаулық орталығының маманы, дәрігер-нарколог Баймуранова Раушан және Жастар ресурстық орталығының қызметкері Құдайберген Гүлбибі Камалбеккызы қатысты. Олар кәмелет жасына толмаған жастар арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, оның зардап-зиянын туралы жеткізді.
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан Қарқаралыдағы бастауыш мектепте оқып жүргенде мектепке атақты генерал-губернатор Колпаковский келеді. Генерал-губернатор мектепте оқып жатқан қазақ балаларына сын көзбен қарап, олардың білімін тексеріп көрмек болады. Сөйтіп оқушыларға жұмбақ жасырады.
Ел арасында осындай мысалдар жетіп артылады. Мұның бәрі нені білдіреді? Балаға жастайынан берілген тәрбиенің, білімнің жемісі. Біз «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін көкейіне мықтап түйген, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұстанымға мықтап бекінген халықпыз.
Бабаларымыз бұрыннан Құдайдан қорқатын перзент тәрбиелеп, балаға ең алдымен имандылық тәрбиесін сіңіруді көздеген. Себебі Алланы таныған, Құдайдан қорқатын перзент ешуақытта ата-анасына қарсы келмейді, қоғамға кері әсерін тигізбейді. Керісінше зерек, алғыр болып өсіп, ата-анасын екі дүние жақсылығымен қуантып, хәкім Абай айтқандай, кірпіш дүниедегі кетігін тауып қаланып, қоғамда орны бар өз ісінің маманы екенін дәлелдейді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика