«Тәртіпке бас иген құл болмайды»,- деген ұранды жанына серік еткен Эьзозбек Шеразбекұлы Эрполатов ұлты өзге болса да қазақ еліне қызмет етуді мақтан тұтады.
Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеймін деген жас полицей қазіргі таңда Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Барлық іс-құжаттарын мемлекеттік тілде сапалы орындайды.
Өзінің ана тілімен қатар қазақ тілін жетік меңгерген Эьзозбек туған жеріне адал қызмет етіп, полицияның мәртебесін көтеруге ары қарайда өз үлесін қосатынын атап өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі