1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні! Аудандық ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өзге ұлт өкілдері еңбек етуде. Солардың қатарында ұлты өзбек болсада жүрегі мен тілі қазақ деп соғатын 27жылдан астам уақыт қызмет атқарып келе жатқан учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Додохан Магамедовты құқық қорғау саласының жарқын үлгісі ретінде атап көрсетуге болады.
Қоғамның берік қамал-қорғанына айналған полицей 1978 жылы Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында дүниеге келген. Бойына парасаттылық пен патриоттық сезімін сабақтастыра білген полиция Додохан 1995 жылы Шымкент қаласында құқықтану пәні бойынша заңгерлік мамандығын аяқтаған. Ойлаған мақсатын жүзеге асыра білген Додохан 1997 жылдан бастап иығына шен тағып, алғашқы еңбек өтілін ОҚО, Түлкібас ауданы ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады.
Ұлты өзбек, ойы қазақ Додохан әріптестерімен мемлекеттік тілде сөйлесіп пікір алмасады, күнделікті тұрмыста да қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасайды.
1— мамыр Қазақ халқы үшін жалпыұлттық бірлік мерекесі. Қоғамдық келісім біздің ең маңызды байлығымыз. Баршаңызды Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жұректен құттықтаймын! — дейді Додохан Абдуллаевич.