• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ — ХАЛЫҚТЫ БІРЛІККЕ ҰЙЫСТЫРАТЫН КЕҢЕС

Автор:admin

Июн 19, 2023
Spread the love

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан төрінде өткен Ұлттық құрылтайда бірқатар мәселелер көтеріліп, маңызды шешімдер қабылданды. Өз сөзінде еліміз үшін маңызды идеологиялық бағыттарды айқындап берген Қ.К.Тоқаев: «Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым», деді.
Ұлт сапасын арттыру мен ұлт рухын жаңғырту жайына тоқталған Президент қоршаған ортаға құрмет, қоғамдық этика қалыптастыру, адалдық, тазалық, еңбекқорлық және іскерлік сынды құндылықтарды айрықша атады.
«Отанға деген сүйіспеншілік бұл – үлкен жиындарда ұран тастау немесе тек ән шырқау емес. Тұратын үйіңді, аулаңды, қалаңды таза ұстау, қоғамдық орындарды бүлдірмеу, ұқыпты болу, яғни әр жерге қоқыс лақтырмау, түкірмеу» деген қарапайым мысалмен жеткізген Президент жас буынның тәрбиесі мен біліміне қатысты дүниелерге жан-жақты тоқталды. «Балалар кітапханасы» бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, шекаралас аудандарды қайта ашу туралы айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік аппаратты жаңғырту жайын баяндап берді.
Қоғам болып жұмыла жұмыс жасауға шақырып, жаңа идеологиялық тұжырымды орнықтыру үшін сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері жұмылуы қажет екендігін айтты. Азаматтық қоғамның мiндетi — жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады. Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

Орынбай Рахманбердиев,
Шымкент қалалық ҚХА жанындағы
ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика