• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Автор:admin

Май 17, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен № 24 «Алма» бөбекжай бала-бақшасында «Ұлттық құндылық — ұлт қазынасы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі-ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада шарықтамағанда, біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Ұлтық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланбағанда, оюлы көйлектеріміз бен тақияларымыз киіліп, көше бойын қазақтың бұлбұл әндерімен аралап, сайрамағанда шетел жұрты ою былай тұрсын, қазақ деген ұлт барын білмес те ме еді? Сол себепті, осы еліміздің көк туын көкке желбіретіп, асқақтатып жүрген ұлт қоргандарын ұллтық құндылыққа кіргізу менің міндетім болып тұр.
Қазақ халқы бағзыдан бүгінге дейін амандық, есен-саулық білуге ерекше мән берген. Қазақтың салт-дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ержетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім-жітімге дейінгі аралықты, сонымен қатар қауымдық-әлеуметтік мәселелерді де қамтиды.
Іс-шарада бүлдіршіндерге кілем тоқу, кесте тігу, асық ойнау, ер-тоқымға отырғызу, т.б. салт-дәстүрлер таныстырылып, шеберлік сабағы өткізілді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, бала кезінен отансүйгіштікке баулу – аса маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Бүгінгі бала – ертеңгі азамат.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика