• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҰЛПАН» ҚОЙЫЛЫМЫ — ЖАҢАША ФОРМАТТА КӨПШІЛІККЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Автор:admin

Ноя 9, 2024
Spread the love

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ІХ Халықаралық фестивальде қазақ әдебиетінің інжу-маржаны «Ұлпан» шығармасын жаңаша форматта сахналап, көрермендерді таңғалдырды. 27 жылдан кейін қайта қойылған қойылымда режиссер Гүлназ Балпеисова шығарманы бүгінгі заманмен байланыстырып, көрерменге жаңаша көзқарас ұсынды.
Шығармадағы кейіпкерлердің образы тек автордың суреттеуімен шектелмей, әр көрініс жан бітірілген. «Ұлпан» рөлін алғашында Рабина Белгібаева жас кезін, ал Толқын Нұрбекова есейген шағын сомдады. Режиссердің шетелден арнайы шақыртылған маманының көзқарасы бастапқыда актерлер үшін жаңа болғанымен, қойылымдағы заманауи элементтер, рок әуендері мен ерекше декорациялар әдемі үйлесім тауып, спектакльді ерекше қылып көрсетті.
3,5 сағатқа созылған қойылымда қазақ халқының әлеуметтік мәселелері, жер дауы, жесір дауы, қалың мал және басқа да тақырыптар қозғалды. Қойылымды көргендер оны «әлемдік сахналарды мойындатын спектакль» деп бағалады.
Қоса кететін, мәдени шаралар да Концертке, циркке келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 102 950 көрермен, орындалуы 63 339 келуші (оның ішінде ақылы 27 384, ақысыз 35 955), жоспар 61 % орындалды. Басқармаға қарасты мекемелердің 9 негізгі индикаторлық көрсеткіштері:
Кітапханаға келуші оқырмандар саны жылдық жоспарда 293 265 оқырман, орындалуы 162 754 оқырман (жоспар 55 % орындалды). Театрға келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда. 246 477 көрермен, орындалуы 120 049 көрермен (оның ішінде: ақылы 59 889 көрермен, ақысыз 60 160 келушілер), жоспар 48 % орындалды). Музейге келуші тұрғындардың саны жылдық жоспарда 12 050 келуші, орындалуы 7 174 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер 4 118 адам, ақысыз келушілер 3 056 адам), жоспар 60 % орындалды).
Рухани мәдени мұрасын насихаттау бойынша іс-шараларға келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 15 700 келуші, орындалуы 8 840 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер 2 681 адам, ақысыз келушілер 6 159 адам), жоспар 55 % орындалды).
Зообаққа келушілердің саны жылдық жоспарда 320 923 келуші, орындалуы 316 573 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер 225 893 адам, ақысыз келушілер 90 680 адам) жоспар 69 % орындалып отыр). «Шым-қала» тарихи-мәдени кешеніне келушілердің саны жылдық жоспарда 31 264 келуші, орындалуы 21 916 келуші (оның ішіндегі Қазақстан Республикасының азаматтары 17 295 адам, шет ел азаматтары 4 621 адам) жоспар 70 % орындалды). Көшелерге атау беру 2024 жылдың жоспары бойынша 60 көше. Орындалуы: 365 көшеге ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданған, нәтижесі күтілуде. Жобалық кеңсеге орындалуы бойынша енгізілетін концерттік жоба жылдық жоспарда 27, ал 6 айда орындалғаны 11 іс-шара.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика