Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың мәні құқық қорғау органдарының құқық нормаларын жауапкершілікпен сақтап, орындап, қолдануында болады.
Заңдылықтың екі жағы бар: а) мазмұнды жағы – құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ә) формальды жағы – оларды орындау. Заңдылықтың субъектілері қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары болып есептеледі, олар: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі – заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері.
Сонымен қатар, іс-шара аясында:
— қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу;
— ІІО есебінде тұратын адамдарды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастар, әкімшілік қадағалау белгіленген педофиль және психикалық мекемелерде есепте тұратын педофильдер) тексеруді жүзеге асыру;
— тыйым салынған заттарды (есірткі құралдары, атыс қаруы, жарылғыш заттар) заңсыз сақтаған не тасымалдаған адамдарды анықтау;
— қылмыстардың ізін суытпай және бұрын жасалған қылмыстарды ашу;
— қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау;
— көлік құралының және жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, көлікті тінту және азаматтардың заттарын тексеру;
— саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс нысандарын, базар, техникалық қызмет көрсету стансаларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстауларды тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.