• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ (-2-)

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love

Әділетті қоғамда заң теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады. Заңның сақталуы қоғамда жауапкершілікті әрбір азаматтың саналы түрде сезіне білуінен және оны мүлтіксіз орындауынан байқалады. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік барлық әлеуметтік қатынастардың заңмен реттелу көрсеткішімен айқындалады.
Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының: «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – дегеніндей, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті һәм тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда көшедегі келеңсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтан бастап кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың қай түріне болмасын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізуді Президентіміз дер кезінде көтеріп отыр.
Заң мен тәртіп консолидациялық жобасы бойынша құқық бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдайды мемлекетте қалыптастыра білуіміз керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады», – деп өзекті мәселені орынды көтеріп отыр. Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика