• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ (-1-)

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love

Сайрам аудандық полиция басқармасының бастамасымен Сайрам ауданы аумағында маусым айының 20-30 аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның басты мақсаты – аумақтағы жедел жағдайды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады.
Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Қазақстанда соңғы жылдары заң үстемдігі орнығып келе жатқанының айғағы ретінде 2023 жылғы құқықтық статистика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының 32 пайызға төмендегенін айтуға болады. Мысалы, 2019 жылы елде 190 мың қылмыс тіркелсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 104 мыңды құрады. Ауырлығы орташа қылмыстар саны 2019 жылы 137 мыңнан 2023 жылы 51 мыңға дейін төмендеді…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика