• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 6, 2024
Spread the love

«АМАNАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Құқықтық көмек» жабасы аясында 2024 жылдың басынан бастап 34 қабылдау өткізіліп, 176 адам қамтылды. Оның ішінде 63 мәселе оң шешімін тапты. Аталған жоба аясында тұрғындар әр аптаның бейсенбісінде сағат 10:00ден бастап 13:00ге дейін заң саласы мамандарының көмегіне жүгіне алады.
Бүгін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша Zangerler Palatasi заң консультанттары Анара Мырзагалиева, Ерлан Тлеуов, Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Дина Ботан қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан жер, атаулы әлеуметтік көмек, алимент өндіру, зейнетақы, несие, құжаттарын заңдастыруға қатысты мәселелер көтерілді.
Айта кететін, елімізде жылдан-жылға ажырасу фактілері көбейіп бара жатыр. Отбасындағы ұрыс-керіс, ерлі-зайыптылар арасындағы ерегес салда­ры­нан шайқалған шаңырақ, жылуы жоқ жанұялар көбейген. Ерегескен екеу бала­ның құқығын, баланың ақысын ұмытып, бас араздығын түгендеп кетеді.
Ұлттық статистика бюросының мәлі­метіне сүйенсек, елімізде 520 986 толық емес отбасы бар. Олардың ішінде 452 мың отбасын тек анасы асырап отыр. Ал 68 мың отбасын әкесі асырап отыр. Сәй­ке­сінше, 521 мыңға жуық отбасының бала­ла­ры­ның құқығы бұзылып, олар материал­дық жетіспеушілікте жарытып тамақ ішпейді, жайраңдап күлмейді, жарқырап киім кимейді. Қордаланған мәселенің түйінін тарқату мақсатында заң қатаң­да­тылып, жеке сот орындаушыларға талап күшейді. Әділет министрлігінің дерегінше, былтыр алимент төлеуден жалтарған 14 мыңнан астам азаматқа елден шығуға уақытша тыйым салынып, 7 мыңға жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар алимент өндіру тетік­терін жетілдіру үшін «алиментті тек әкесі­нен немесе анасынан ғана емес, ата-әже­сінен де өндіру тетіктерін қарастыру ке­рек», – дейді сарапшылар. Неке және от­ба­сы туралы кодекстің 152-бабында сот ар­қылы алиментті баланың ата-әжесінен өн­діруге болады. Бірақ сот алдымен атал­ған кодекстің 139-бабы бойынша алимент өндіруі керек. Егер жағдай ушығып, али­ментті әкесінен немесе анасынан өндіре алмаған жағдайда ғана сот ата-әжесінен алимент талап ете алады. Алайда сотқа жүгініп, сот шешімі шығуы, оның заңды күшіне енуі біраз уақытты талап етеді. Сәй­кесінше, сол аралықта бала алимент алмайды. Тәжірибеде борышкерлер али­мент төлемей қашып, іздеуде жүрген­де,алиментті ата-әжесінен өндіріп алу туралы сотқа талап арыз түскенде, көп­теген бо­рыш­керлер табылып, алимент төлей бас­тайды. Себебі борышкердің әке-шешесі, туған ағайындары алиментті борышкердің өзіне төлеуді талап етеді.
Сала мамандары қабылдау барысында, тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша заңгерлік кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындардың мәселелері толық қаралып, сала мамандары тарапынан шешу жолдары қарастырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика