• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА 9 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Автор:admin

Июл 13, 2024
Spread the love

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектептердегі оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы өз бастауын алды. Аталмыш бағдарлама аясында Шымкент қаласында 12 мектептің құрылысы басталған. Олардың 9-ы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ал, қалған 3 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева «Тұран-2» шағын ауданындағы №144 ЖОББМ КММ-нің құрылыс алаңында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында азаматтар білім ғимараттарына қатысты ұсыныстары мен өтініштерін білдірді.
Ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен жабдықталатын болады. Ыңғайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіреберістері, спорт залдары мен асханалары бар бөлек блоктар қарастырылған.
Білім басқармасының басшысының айтуынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, қалған 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталмақ.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 245 862 оқушының 232 424 оқушысын (94,6 %) жазғы демалыспен қамту жоспарланған.
Оның ішінде 18 934 бала (9 494-і жергілікті бюджет, 9 440-ы демеушілер қаражаты есебінен) және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы және 213 400 (ата-аналар) бала мектеп жанындағы алаңдарда демалады дейді, — Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтып өтті.
Мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы ағымдағы жылдың 27-мамырдан басталып, бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған.
2024 жылдың жаз айында балаларды сауықтыру, жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы 7 лагерге бір көзден отыру бойынша ұсыныс беріліп, балалар ауысыммен демалуда.
Атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және Сайрам ауданындағы «Арыс» лагерлерінде демалуда. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап «Машат — Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде ауысыммен демалатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика