• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love
Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі- денеде бөртпелердің пайда болуы.
Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды,өкпені, жілік майын зақымдайды.
Қызылша қалай өтеді? Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады(дене қызуының көтерілуі,жөтел,көздің жасаруы,мұрынның ылғалдануы).Бұл жағдай 2-3 күнге созылады,содан соң денеде қызыл бірігетін бөртпелер пайда болады,бастапқыда бетте, құлактың артында, сонан соң барлық денеге тарайды.Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады.
Қызылшадан қалай сақтану керек. Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылшадан сақтану үшін 1және 6 жастағы балалар егіліп келеді.
ҚЫЗАМЫҚ- белгілерінің қызылшадан айырмашылықтары неде?Қызамық бас-талғанда тұмау ауруларына тән белгілері әлсіз болады, 30-50% клиникалық белгілерсіз басталады.Бөртпелер бастапқыда аурудың бетінде пайда болады, сонан соң бүкіл денесіне тарайды. Қызамықта бөртпелер, қызылшадағыдай анық қызыл емес және бірікпеген. Кейде бөртпелер әлсіз қышиды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртелер пайда болғанға дейін 7 күн, пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде залалды болып саналады. Қызамыққа тән тағы бір белгі — желкедегі лимфа түйіндерінің ісуі.
Қызамықтан қалай сақтану керек? Бір ғана сақтану жолы – вакцинация. Қызамыққа қарсы жоспарлы түрде егу Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілді.Балалар 1 жас-6 жас және 15 жаста егіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика