• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ»

Автор:admin

Сен 12, 2023
Spread the love

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөлін арттыруға бағытталған «Қыз өссе-елдің көркі» атты іс-шара өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында жиынға Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна, Шымкент қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанты Аселя Ермаханқызы, №11 қалалық емханасының гинеколог дәрігері Айжан Нурлановна, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Әрине, әркім өз қалауына қарай киінеді. Біреуге былай киін немесе оның дұрыс емес деп айта алмаймыз. Тек біз «қазақ» екенімізді ұмытпасақ екен. Көптеген ұлттар өз ұлттық киімін мақтан тұтады. Әрі сол киімдерін дәріптеуі өте керемет. Мысалы, үндістердің сариі үнемі қолданыста шет елге қыдырса тіптен үстерінен тастамайды. Ал кәріс халқы қазірде ұлттық киімдерінің заманауи үлгілерін шығара бастады. Өздеріңіз білетіндей жопон халқы киманосын ерекше құрметтейді, онда рух бар деп есептейді. Ал неге біз өз ұлттық дүниемізден бас тартып, ашылып-шашылып немесе сонша оранып басқаның дүниесіне құштар болумыз керек. Құдайға шүкір, өз дүниеміз, ұлттық киімдеріміз, салт-дәстүр, жөн-жоралғымыз бар, ал енді содан айырылып қалмаудың қамын жасауымыз керек секілді. Халқымыздың ұлттық болмысы өзіне тән оқшау қалыппен сақталып, өзге ұлттардан дараланып тұратындығымен ерекше. Сол қатарда ұлттық киім-кешек мәдениетін ерекше атап өтер едім. Ұлттық киімдеріміз басқа халықтардың киімдеріне ұқсай бермейтін өзгеше даралығы және жарасымды сән-салтанатымен бағалы. Ғасырлар бойы тамырын үзбей, ұлтымыздың бойына жарасымды көрік сыйлаған киім мәдениетін қанық білу, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып отыруы керек. Қазір ұлттық киімдеріміздің көздің жауын алатындай небір түрлері сатылымда бар. Бағасы да қымбат емес, әрі өте әдімі. Неге соны тұтынбасқа??? Өзіңізден бастап көріңізші үйде киетін шай көйлектер, тойға киетін бүрмелі етек оюлы көйлектер, әшекейлі камзолдар керемет емес пе…
Осыдан төрт бес жыл бұрын мен ұлттық дүниелеріміз жоғалып кете ме деп қатты алаңдайтынмын. Керісінше қазір жыл өткен сайын қорқынышым сейілуде. Біздің ұлттық дүниелеріміз жаңғырып, жаңарып жаңа бір белеске көтеріліп келеді. Бұрын ұлттық нақышта өрнектелген дүниелерді табу қиын еді. Ал қазір қайда барсаңызда тауып ала аласыз. Небір шеберханалар мен ұллтық үлгіде киім тігетін сән үйлері көптеп ашылып жатыр. Сонымен қатар ұлттық дүниелерге халықтың сұранысы күн санап артып келеді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз дейді мамандар. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету бойынша, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге бағытталған іс шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды.
Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика