• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚХА БҮГІНГЕ ДЕЙІН МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛДЫ

Автор:admin

Апр 27, 2023
Spread the love

Нұрболат МЕЙІРБЕКОВ, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің төрағасы:
–Елімізде этносаралық қатынастарды реттеуде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор. Әлеуметтік-саяси институт ретінде қалыптасқан ҚХА бүгінге дейін мәдениет аралық диалогты нығайтудың негізіне айналды. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген пайымдарға мәнді жауап қатты.
–Әр азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт, — деді Президент.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел арасындағы бірлікті нығайтуға қызмет етіп келе жатқан бірегей құрылым. Осы құрылым қасиетті қазақ жерінде мекендеп келе жатқан барлық этносты бір шаңырақ астына ұйыстыра алды. Ассамблеяда еңбек етіп жүрген азаматтарымыз ел арасындағы дауларды болдырмай, келісімге келтіріп, бейбітшілік пен бірліктің елшісі қызметін атқарып жүр.
Сессияның күн тәртібінде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбы қаралды. Дана халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген өнегелі мәтелі бар. Барлық қазақстандықтардың тілі мен діні, нәсіліне қарамастан бір мүддеге жұмылуы – мемлекеттіміздің экономикалық дамуы және ел тұрақтылығының мәңгі кепілі болмақ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика