• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Май 17, 2023
Spread the love

Әл-Фараби кiтапханасында “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының және қалалық мәслихаттың төрағасы мен депутаттар, тұрақты комиссия төрағалары кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауда оннан астам мәселе қаралды. Атап өтсек, «Қадірменді қариялар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қараменов Төлебай зейнеткерлерді сауықтыру орындарына жіберу мәселесін көтерсе, Джаппарова Калима есімді азамат тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту, Муфтиева Гульнара тұрғын үй субсидиясы, Спанбекова Айжамал гаражды заңдастыру мәселесін көтерді. Қоғамдық қабылдауда болған Арыстанов Қайрат «Ұлағат» шағын ауданына мектеп салу қажеттігін жеткізсе, Танабаев Ғалымжан тарихи кітап шығаруға қолдау көрсетуді сұрады.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 3242 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде: 324 пәтер- арендалық бағыттағы кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға табысталмақ. Сонымен қатар 111 арендалық пәтермен тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтамасыз етіледі. Сондай ақ 888 арендалық пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілсе, 1919 пәтер жеңілдетілген несиелік бағыттағы бағдарламалар арқылы азаматтарды баспанамен қамту көзделіп отыр.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Қоғамдық қабылдауда қалалықтар тарапынан көпбалалы аналарға ұйымдастырылатын әлеуметтік көмек, үй кезегі, жер дауы секілді мәселелер кеңінен қозғалды. Шешімін тапқандары алғысын айтуда.
Өз кезегінде халық қалаулылары қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін бақылауға алып, жауапты мекемелердің де назарына ұсынатынын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика