• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – БІРЛІКТІ БЕКЕМДЕЙДІ

Автор:admin

Окт 2, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Әмзеева қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесіп, қоғамдық келісімді сақтау және жалпыұлттық бірлікті бекемдеу бағытындағы атқарылатын жұмыстар мен жоба-жоспарлар жайында арнайы мәжіліс өткізді.
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру аясында әзірленген «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар», «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі», «Бірлігіміз – әралуандықта», «Жомарт жан», «Ассамблея айнасы», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім», «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы», «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елдесу және татуласу», «Жаңа толқын», «Тамырлас», «Қазақстан халқы Ассамблеясының академиясы» сынды 13 арнайы жобаны іске асыру пысықталды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында жүктеген тапсырмаларын орындау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдық құрылымдардың жұмысын жандандыру және Республика күні, Тәуелсіздік күні сынды мемлекеттік деңгейдегі мерекелер қарсаңында қалалық ассамблея алаңында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «Қуанышты күн» акциясын ұйымдастыру сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика