• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАСІРЕТ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

31 мамыр— саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы күні қаламыздағы «Қасірет» мемориалында зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жаланың құрбандарына құран бағыштады.
Шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, Қоғамдық кеңес төрағасы Жебелі Достанов, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қаламыздың Бас имамы Қажымұқан Қазыбаев, саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтары, зиялы қауым, дін өкілдері және мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиынға қатысушылар жұртым деп жазықсыз жапа шеккен, қуғын-сүргін құрбандарын, алаштың ардақты азаматтарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және Татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Расиль Байков сөз сөйлеп, ел үшін опат болған боздақтарды қастерлеу ұрпақ аманаты екендігін айты. Қаламыздың бас имамы Қажымұқан Қазыбаев жанын қиған боздақтардың әруағына құран бағыштап, зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары ғаламат жоба — Түрксіб темір жолының салынуына өлшеусіз үлес қосқан Алаш ардақтысы Мұхамеджан Тынышпайұлының өмірін өрнектеген сахналық қойылым көрсетті.
Ал, Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері «Зұлмат жылдар жаңғырығы» тақырыбында жылжымалы кітап-көрме ұйымдастырды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика