Қазіргі таңда елімізде қаржылық алаяқтық жиілеп барады. Сандарын сан соғып қалған халық қаншама. Зиянкестер әдетте адамның банк картасы арқылы жеке мәліметтеріне қол жеткізіп жатады. Бұл — фишинг деп аталады. Егер сіздің электрондық почтаңызға банктен сілтеме келсе, мән беріп қараған дұрыс.
Себебі алаяқтардың басты құралы — сілтеме. Алаяқтар сілтемені өз мақсаттарына пайдаланады. Алайда мұндай жағдайда алаяқтарды анықтау өте оңай. Сілтеме бойынша өтпес бұрын, хатты мұқият оқу керек. Хат шынымен сізге арналған болса, бастапқы бетінде міндетті түрде есіміңіз жазылып тұрады. Егер хабарламада сіздің атыңыз болмаса хатқа мән бермеген жөн.
Алаяқтарға алданып қалған жағдайда банк карточкасын дереу бұғаттауға, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуге болады.
Зиянкестерден сақтану — өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін. Жеке және төлем деректерін ешкімге бермеңіз. Белгісіз номерлер мен бейнеқоңырауды алмаңыз. Банк қосымшаларына күрделі құпиясөз орнатқаныңыз жөн.
Оңай жерде олжа жоқ. Жеңіл ақша табамын деп қаржылық пирамидаларға ұрынып қалмаңыз. Оның арты ешқандай жақсылыққа апармайды. Қарапайым халықтың қалтасын қағып жүргендер өзіміздің қандастарымыз болуы ауыр соққы. Заң жүзінде тиым салынғанымен , жыл сайын зардап шегушілер тізімі өсуде.Сол себепті қаржылай сауатты болайық. Білімді болу, өз басыңызда жеке заңгердің болуы артық етпейді. Керісінше сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз етеді.
Зере Сейсенқызы,Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика факультетінің 2-курс студенті.