• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Апр 9, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков қала шетіндегі дәрігерлік амбулаторияларды аралап, тұрғындармен кездесті.
Басқарма басшысы №7 қалалық емханасаның бас ғимаратында болып, қабылдау бөлімі, бейінді бөлімдерді және мамандандырылған емхана бөлімдерін аралады. Сонымен қатар басқарма басшысы 7500 тұрғыны бар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер науқастарға амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін Қарабастау дәрігерлік амбулаториясында болды. Қарабастаудағы медицина ғимаратының тозығы жеткен. Сондықтан басқарма басшысы ғимараттың күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтып, емхана ұжымына тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, Н.Асылбеков «Тogus Med» медициналық орталығында болды. Аталған клиника Маятас, Жылан Бұзған, Елтай, Тогус, Айнатас елді мекеменіндегі тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.
Н. Асылбеков «Жылан бұзған» елді мекеніндегі тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жергілікті халық қаланың бас дәрігеріне аталған елді мекендегі медициналық амбулаторияды қайта ашуды сұранды. Тұрғындардың шағымын тыңдаған басқарма басшысы жергілікті халыққа медициналық көмек көрсететін «Тogus Med» орталығының әкімшілігіне мәселені шешуге тапсырып,жақын уақытта жауабын беретіндігін жеткізді.
Арнайы бейінді мамандардың консультацияларын алуға қатысты азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелерін жаңартты.
Ведомствоның «Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» тиісті бұйрығында белгілі бір жағдайларда жалпы практика дәрігерінің (учаскелік дәрігердің) жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген.
Сонымен, пациентке шұғыл жағдайлар мен жарақаттар кезінде, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқаларында; шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету кезінде; дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар кезінде ЖПД-дан арнайы маманға жазылудың және жолдама алудың қажеті жоқ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика