Шымкенттегi «Достық» үйінде «Возрождение» Қазақстан немістерiнiң қауымдастығы» қоғамдық қоры қалалық неміс этномәдени бiрлестiгiнiң өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жүйелi жұмыс icтеу, қалалық ассамблеяның бастамаларына белсендi қатысу және жексенбілік мектепте немiс тiлi мен мәдениетiн оқып-үйренушiлерге жағдай жасау, жастар қанатының жұмысын жандандыру жайы қаралды.
Бүгінгі күні елімізде жүзден аса этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Мінекей өткенге көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының ішкі тыныштығын, қоғамның татулығын сақтаудың өте маңызды екенін көреміз. Оған тек этносаралық келісімді сақтай отыра қол жеткіземіз. Сондықтан да мемлекет өзінің мойнына жүктелген бүкіл әкімшілік қызметі барысында тарихи мекендеуші ұлтпен қатар басқа этнос өкілдерінің қамын ойлап, олардың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғап, ың-шыңсыз, бейбіт келісімді қарым-қатынасына тиімді жағдай жасауға, этносаралық татулықты күйттеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, оның ең негізгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық тәсілмен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін іске асыруды өзінің міндеті санайды.
Ұлтаралық қарым-қатынастың қазақтандық үлгісі төрт негізгі деңгейден құралған. Олар: тұжырымдамалық деңгей, саяси-құқықтық деңгей, институционалдық деңгей, ғылыми-әдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей дегеніміз – ұлтаралық қатынастырады реттеу. Оның ішінде, экономиалық-әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық факторларды есепке алу, еліміздегі этностардың мәдени дамуына жағдай жасау, мүдделерін қорғау және жүзеге асыру принциптері бар.
Айта кетейік, бүгiнде Шымкентте 1 200 немic этносының өкілдері тұрады. Қалалық ҚХА жанындағы немiс этномәдени бiрлестiгi 2018 жылдан берi қоғамдық негізде әрекет етедi.