Қала әкімі Жандос Тасов жұмыс сапарымен Қарнақ ауылында болып, ауылдағы өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіптердің жұмыс барысын аралады. Алдымен кореялық үлгіде салынған Рашид Амиов шаруашылықтың жылыжайымен танысты. 2018 жылдан бері қияр өсірумен айналысатын кәсіпкер жылына 25 тоннаға дейін өнім алады, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Сондай-ақ қала әкімі Қарнақ ауылындағы «Medical style» тігін цехы медициналық киімдердің 25 түрін шығаратын цехта болды. Бүгінгі таңда тігін цехында жалпы 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Жұмыстың іске қосылғанына 1,5 жылдай болғанымен тапсыр берушілердің саны көп.
Тігін цехының басшысы Шавкат Хабибуллаев дәрігер-кардиолог. Бірнеше жыл дәрігер қызметін атқарған ол, бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған. Өзінің туып-өскен ауылы Қарнақтан цех ашып, медициналық киімдер тігіп шығаруда. Мұнда арнайы киімдерді сапалы етіп тігу үшін жоғары дәрежелі технолог пен арнайы білімі бар тігінші мамандар қызмет етеді.
Тігін цехының жылдық өнімі тапсырысқа қарай 20-25 мыңға жуық киім шығарады. Сапалы, әрі ыңғайлы киімдерге қажет маталар Түркия елінен алынады. Цех басшысы алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне байланысты цехты ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қала басшысы өз еңбектерімен кәсіп бастап, қаншама адамға жұмыс беріп отырған кәсіпкерлерге қашанда қолдау көрсетуге әзір екенін айтып, мемлекеттен берілетін қолдауларды да алып қолдану қажеттігін түсіндірді.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өндірістік экономиканың ауқымындай табыс табуға мүмкіндік беруде.