• Чт. Июн 19th, 2025
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love
Көшпелі кездесу аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданының тұрғындарымен жүздесті. Басқосуға «Исфиджаб», «Азат», «Орманшы», «Қаратөбе», «Еламан» тұрғын алаптары мен К. Цеткин көшесінің тұрғындары қатысты.
Тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, интернет пен мобильді байланыс сапасын көтеру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту — соның ішінде электр трансформаторларын, су құбырларын және ирригациялық лотоктарды ауыстыру мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ емхана, спорт кешені, балалар және спорт алаңшаларын салу, жасыл желекті суару, көшелерді кеңейту мен абаттандыру туралы ұсыныстар айтылды. Шалғай көшелерді асфальттау және жарықтандыру, қоғамдық көлік бағытын ұзарту, экологиялық жағдайды жақсарту, қаңғыбас жануарларды ұстау проблемаларына да айрықша назар аударылды.
Шаһар басшысы көтерілген өтініштер бойынша түсініктеме беріп, бірқатар мәселе жөнінде тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан әкіміне тұрғындармен жұмысты жандандыру және көтерілген мәселелерді шешу кезінде тұрақты кері байланыс орнатуды тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика