Мегаполис басшысы қаланы аралау барысында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» филиалында болды. Бұл бірегей жоба егде жастағы адамдар арасында зор сұранысқа ие. Бүгінде Шымкентте осындай төрт орталық өнімді жұмыс істеуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аға буын өкілдерімен әңгімелескен қала басшысы олардың жағдайын сұрап, ардагерлердің ұсыныс-тілектерін де тыңдады. Мұнда 100-ге жуық зейнеткер екі ауысымда арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. Орталыққа келгеннен кейін олар алғашқы медициналық тексеруден өтуі керек.
Айта кетерлігі, мұнда қариялар үшін емдік дене шынықтыру және йога кабинеттері, би және фитнес залдары бар, ағылшын және араб тілдерінде сабақтар да өткізіледі. Мекемеде білікті мамандар, дәрігерлер, психологтар жұмыс істейді.
Қоса кететін, отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді.
Ережелерде келесі ұғымдар анықталған:
— арнаулы әлеуметтік қызметтер-адамның (отбасының) тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын және қоғам өміріне басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған негіздерді еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қызметтер кешені;
— өмірлік қиын жағдай-бұл әлеуметтік Кодексте көзделген негіздер бойынша танылған, адамның өмірін объективті түрде бұзатын, оны өзі жеңе алмайтын жағдай;
— отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы («111» байланыс орталығы)-ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ақпараттық – анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
-өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан – жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделі-ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органның үйлестіруімен мемлекеттік органдардың қатысуын көздейтін ұйымдастырушылық және функционалдық тәсіл.