• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА КҮНІНЕ ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ

Автор:admin

Июн 20, 2023
Spread the love

«Шымкент қаласының қала күні» мерекесі қарсаңында Жібек жолы көшесі №30, 30 А көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты болып өтті.
Ашылу іс-шарасына Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы және көше тұрғындары қатысты.
Ойын алаңшаларының ашылуы мерекелік шараға, түрлі ойындар ұйымдастырылды және балаларға ойыншықтар, сыйлықтар тарту етілді.
Аталған әмбебап спорт алаңшасы, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы іске асырылып жатқан іс-шараның бірі.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданында жыл басынан бері 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды. Одан бөлек жеке секторларда балалар ойын алаңшасы, көше тренажеры және воркаут алаңдарының құрылысы жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика