• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі.

Автор:admin

Июн 8, 2022
Spread the love

Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Сіздерге айтарым, ашкөздік пен сараңдықтан аулақ болайық, игі істер жасамасақ, адамдық кейпімізді жоғалтып аламыз. Мен, жомарттық қасиеті бар тұлғаларды ұнатамын. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз. Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету. Жасөспірімдердің арасында  қатыгез, өзімшіл және мақтаншақ балалар көбейіп келеді. Біреу құлап қалса, оны көтерудің орнына, ұялы телефонның камерасына түсіре бастайды. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.    Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.   Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.    Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.   Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу). Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты — мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр садақа берумен де көрініс табады.   Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер барлық адамға тән емес. Тіпті біздің заманда оның қажеті де жоқ дегенді естиміз. Алайда бұлай дейтіндер қатты қателеседі. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қалай дейсіз ғой? Аздан бастаңыз. Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі, тәрбие ерекшеліктері, кімдермен жақсы араласатыны және т.б. көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бұйрық бойынша мейірімді және қайырымды болу мүмкін емес. Алайда мейірімсіз және енжар өзімшілдердің өзі жақсы жаққа өзгеріп, жақсылық жасауға құмар болатын кездері болады. КСРО кезеңінде «Өмірде ерлік жасауға әрдайым жағдай табылады» деген ұран танымал болған. Бұл тұжырымды сәл өзгертіп: «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» деуге әбден болады. Айналаңызға қараңызшы. Кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңызды емес. Бұл:

— қолдан келген материалды көмек;

— физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру және т.б.);

— кеңес айту;

— рухани қолдау;

— тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сіз басқа адамға көмектесіп қана қоймай, өзіңіз де қайырымды, мейірман бола түсесіз. Қандайда бір қайырымдылық ұйымына хабарласып, көмекке зәру адамдар жайлы мәліметтер ала аласыз. Олар сізге қажетті байланыс ақпараттарын және нақты қандай көмек керек екенін айтады. Сонымен қатар жетімдер үйінің балаларына да, мысалы, сыйлықтар немесе қажетті киімдер сатып алып беріп көмектесе аласыз. Не үшін қайырымды және мейірімді болу керек? Қайырымдылық пен мейірімділік адамға тек жақсы жағынан әсер етеді. Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса, қандай болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір сүргіңіз келер ме еді? Табиғаттың «ең мықты тірі қалады» деген заңы бар. Онда (тек кейбір ерекшеліктерді ескермегенде) мейірімділікке орын жоқ. Бірақ адам түйсікпен ғана өмір сүрмейтіндіктен саналылар қатарына жатады ғой. Бір дана адам: «Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады» деп бекер айтпаған. Әлсіз адамдарға, өмірлік қиын жағдайға түсіп қалғандарға көмектесе отырып, адам өзінің адамгершілік қасиеттерін көрсетеді. Ал біреулердің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын зерделейді. Бұрынырақта сүбелі көрінген, жанға маза бермеген мәселелер басқалардың қайғысының жанында түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Сондықтан мейірімді де қайырымды адамдар өз өмірін біреуге қастық ойластырып, пайда табуды көздеп, бекер өткізбеуге тырысады. Әлбетте, мейірімді болу – өміріңді толықтай біреулерге көмектесуге арнап, өз қызығушылықтарың мен отбасыңды және т.б. ұмыту деген сөз емес. Мұндай пірәдар адамдар аз және арты жақсылыққа әкелуі екіталай. Сонымен бірге әр нәрсенің шектен шықпағаны дұрыс. Өкінішке орай, мейірімді және қайырымды адамдарды барлық жағдайға жедел жәрдем ретінде пайдаланғысы келетіндер бар. Мұндай әрекеттерді сыпайы, бірақ қатаң түрде тыйып отырған жөн. Ерік берсеңіз, мойныңызға отырып алатындар әрдайым табылады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, студенттердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика