• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЙТПАС ҚАЙСАР БАТЫРЛАР, АРДАҚТЫЛАР!

Автор:admin

Май 9, 2023
Spread the love

Шымкенттік майдангер Абылай Қазыбаев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Бозбала 17 жасында әскерге аттанып, жау қолында қалған қалаларды азат ету жолында күрескен.
Ұлы Отан соғысының ардагері Абылай Қазбаев – Тұран ауданының тұрғыны. 1943 жылы Қызыл армия қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтті.
Абылай Қазбаев зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі. 1945 жылы 1 мамырда Кинизбург қаласын азат етуші сарбаздар сапында болған ол елге 1950 жылдың сәуір айында оралды. Ол 1925 жылы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтті. 219-ші двизияның 2-ші гвардиялық-полкінде болған, Харьков, Ворошилов Украина майданында Свеостопельде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысты. 1946-1950 жылдары Пушкин Венинград Москва Немецко-Советскиді минадан тазартуға қатысты.
Елге оралып, СМУ-4, 1952 жылы Қорғасын зауыты ТЭЦ-2 темірұсташы, машинист-қазаншы болып жұмыс етті.
Соғыс кезінде «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», кейін «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жауынгерлік қызметі үшін» және басқа көптеген медальдармен марапатталды.
Майдангер қария «Батыр шапағаты», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталды. Бүгінде 4 немере, 2 шөбере сүйіп отырған бақытты қария. Бүгінде баласынан өрбіген немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Қаламызда бүгінде небәрі 3 соғыс ардагері және 2183 тыл ардагері тұрады.
Жеңіс сыйлаған майдангерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау, көңілін аулап, қас-қабағын бағу — біздің азаматтық борышымыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика