Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшінші мегалопистің Қаратау ауданындағы, Қайтпас — 1 тұрғын алабындағы Шымкент қаласының бңлңм басқармасының «№ 58 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, педагогтар мен оқушылардың қатысуымен қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Төлепов, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму жіне мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы А. Алтынбай қатысты.
Кездесу барысында 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді, деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz.