• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ ЖОЮ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Авг 11, 2023
Spread the love

Қазығұрт ауданы әкімдігінің ғимаратында «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі» комиссия отырысы болып өтті. Атаулы жиынға аудан әкімі әрі комиссия төрағасы Азизхан Исмаилов, барша комиссия мүшелері және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, ауыл округі әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен бөлімге қарасты квазимемлекеттік сектор ұйымдары мүшелері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1. Қазығұрт, Жаңабазар ауылы округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралары туралы.
2. Білім, денсаулық салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және алдын-алу мәселелері туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазығұрт ауылы округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Асқаров, Жаңабазар ауылы окрігінің әкімі А.Ақжолов баяндама жасаса, екінші мәселе бойынша Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Мамытбаев және Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары С.Рысбаевтар баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан сұрақ-жауап жүргізілді.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыға түсіп, отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика