Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІР ТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауында отбасылық зорлық — зомбылық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп онымен күресу керектігін айтып, тұрмыстық зорлық — зомбылық туралы заңға өзерістер енгізу керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты 2023 жылдың 19 сәуір күні отбасылық тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту туралы заң қабылданып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бір қатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп 2023 жылдың 1 шілдесін бастап қолданысқа енген болатын. Аталған заңды халық арасында түсіндіру мақсатында Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік — психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің ұйымдастыруымен адам көп шоғырланатын жерлерде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп үнпарақтар таратылды. Үнпарақта отбасында зорлық — зомбылық көрген жағдайға көмек беретін орталық туралы ақпараттармен байланыс нөмірлері жазылған. Түсіндірме жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.Умиралиева, аудандық «Әлеуметтік — психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің мамандары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің жанынан құралған еріктілер қатысты.