• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Автор:admin

Авг 22, 2023
Spread the love

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе талқыланды:
1. «2023-2024 жылдарға арналған жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары» туралы;
2. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан көлемінде түнгі рейдтер нәтижесімен полиция бөлімінің есебі;
3. Д.Қонаев жалпы орта мектебінде 2009 жылғы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау оқиғасын талқылау туралы.
Атаулы жиынға комиссия мүшелері мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері баяндамалар жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап жүргізіліп, атаулы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика