• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ – БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ…

Автор:admin

Авг 24, 2023
Spread the love

Жастар ресурстық орталығында Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен және аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің, аудандық Полиция бөлімі қызметкерлерінің, әр түрлі мекемелердің әлеуметтік сала мамандарының қатысуымен кездесу жиын өтті. Кездесудің күн тәртібінде «Халықтың құқықтарын қорғау (адам, бала құқығы) және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мен алдын-алу шаралары» тақырыбы талқыға түсті. Аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері бүгінгі таңдағы балалар арасындағы жасалып жатқан қылмыстар мен олардың салдары, отбасылық зорлыққа ұшырап жатқан жағдайлар жайлы жан-жақты баяндама жасады. Кездесуге қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жоғарыда аталған факторларды болдырмау, қазіргі қоғамдағы балалардың тәрбиесін жақсарту, психологиясына кері әсер ететін нәрселерден арылту, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуді насихаттау бағыттарында ұсыныс-пікірлер айтылды.
Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар деп некелі-отбасылық қатынастағы, бірге тұратын немесе бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынасты айтамыз.
Мысалы, әйелі мен күйеуі, бірге тұратындар, ағасы-қарындасы, әкесі-ұлы, әкесі-қызы және тағы сол сияқты.
Тұрмыстық зорлықтың 4 түрі болуы мүмкін:
1. Физикалық зорлық — денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету;
2. Психологиялық зорлық — бұл адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және тағы сол сияқты әрекеттер;
3. Сексуалдық зорлық — басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану;
4. Экономикалық зорлық — бөгде біреудің ақшасын немесе басқа да материалдық ресурастарын (тұрғын-үй, тағам, киім) бақылап, оны жұмсау. Бұл адамның денсаулығына физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етеді.
Бірақ зорлықтан қорғау туралы ережелердің барлығында ер адамдардың да әйел адамдар сияқты жиі зорлық құрбандары болатыны айтылады. Келіп түскен өтініштердің шамамен 10 пайызы ер адамдардан екен. Ер адамдар да белгілі инстанциялар мен ұйымдарға барып, кеңес ала алады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика