• Вс. Апр 20th, 2025
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: БАСТЫ МАҚСАТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор:admin

Авг 17, 2023
Spread the love

Аудан әкімі А.Исмаиловтың төрағалығымен Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы отырысы болып өтті. Атаулы мәжіліске комиссия төрағасы мен орынбасарлары, комиссия мүшелері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Комиссия мәжілісінің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
1. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (мал, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау және т.б);
2. Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу;
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық және құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйі және өзіне-өзі қол жұмсау (Суицид) фактілерін болдырмау бойынша медициналық қызметтер мен мектеп психологтарының бірлескен жұмыстары туралы;
4. Аудандағы қоғамдық – саяси ахуал жағдайы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді.
Мәселен, қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика