• Пт. Июн 20th, 2025
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: АЛҒАШҚЫ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖАТАҚХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love
Балалардың жазғы сауықтыруын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру – басты назарда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жазғы лагерьлердің жұмыс сапасын қадағалауына алған. Биыл өңірде алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда.
2025 жылдың 19 маусым күні Төле би ауданындағы «Төлеби Нұры» жазғы тынығу лагерінің алғашқы ауысымына 147 — қыз(бала), 119- ұл бала, жалпы 266 оқушы жіберілді. Биылғы жылы қала сыртындағы лагерге 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарлануда .
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 14 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген.
Сондай-ақ, олардың жас ерекшеліктеріне қарай, 5-10 сынып оқушылары, лагерьге қабылданады.Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.
Жазғы сауықтыру орнына облыстық бюджет есебінен аз қамтылған отбасылар, мектепішілік есепке тіркелген балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және патронат балалар, мектеп-интернатында оқитындар қамтылады.
Демалыс орнында балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі үйірмелер, спорттық сайыстар, суда жүзу және ән, би, сурет үйірмелері жұмыс жүргізеді. Әрбір тынығушы өздерінің қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуіне жағдай жасалған.
Демалушы балалар 5 мезгіл тамақтанып, күндерін таңертеңгі жаттығумен бастап, спорттық-эстафеталық жарыстар, интелектуалдық сайыстар, мәдени бағдарламалар мен қатар бассейнде түрлі шынығу жаттығуларымен, жаз айларындағы демалысты көңілді өткізуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика