Еліміз яғни «этникалық-сословиелік топтарға бірегей отбасылық-туыстық шаруашылықты жүргізуде әлсіз орталық билікте және әдеп-ғұрып үстемдігінде» өмір сүргеннің өзінде өзіндік философиялық даналық ойлау жүйесімен ерекшеленіп отырған. Ғарифолла Есім ағамыз «Қазақтың даналық ой пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады деп айтып кеткен. Дәстүрлі қазақ қоғамының ең бір өзекті мәселесінің бірі, бұл адам құндылығы. Н.Ж. Байтенова «Қазақ философиясына сипаттама берер кезде, оны антроцентристік бағытта деп айтуға болады. Жалпы шығыс философиясы, соның ішінде қазақ философиясының да мәселесі, кең таралған ілім, әлеуметтік идеал, жан жақты жетілген адам мәселесі», -деп атап көрсетеді. Дәстүрлі қоғамдардағы адам құндылығы жайлы әр қандай, қайшылықты пікірлерді ескергеннің өзінде қазақ қоғамындағы адам мәселесі, әсіресе ондағы ұрпақ тәрбиесі халкымыздың есінде үнемі сақталынып, жетілдіріліп отырылған. Әлеуметтік антропологиялық маңыздылық әлеуметтік жұмыс ғылымы үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жайлы зерттеуші ғалым Л.Т. Қожамқұлова «Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде адам қызмет етеді, өйткені әлеуметтік жұмыс адамның өзі арқылы өзіндегі мәселелерді шешу мақсатында ойлап табылған және адам әлеуметтік процесстер арқылы тұлға болып қалыптасады»,- деп ой өрбітеді. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жұмыс ғылымының интегративті, реттеушілік, ағартушылық функцияларын діннің атқаруы және дін филантроптық мақсаттағы іс-әрекеттерді біріктірумен бірге әлеуметтік-медициналық қамтамасыздықты жүзеге асырған. Жалпы қазақ халқында әлеуметтік жұмыс ғылымына тән әлеуметтік құбылыстар, құрылымдық-функционалдылық іс-әрекет жиі кездесіп отырған. Көпшілігінде ол бағыттылық түрлі мазмұнда әр қандай ұйымдық деңгейде стихиялы түрде жүзеге асырылып отырылған. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыс ғылымы кез келген қоғамға жат емес және сол қоғамдардағы әлеуметтік өмірде біте қайнасып өзіндік көрініске ие болған. ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты жетілдірудің оңтайлы шаралары Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып,өркендеп келеді. ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек.Мысалға Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш бағытта жүргізіледі. Біріншісі,әлеуметтік-демократиялық модель,мұнда мемлекеттің үлкен диапазонында әлеуметтік қызмет жүргізіледі.В.Хамиш бұл модельді «скандинавиялық модель» деп атаған.Әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру үшін елдегі партиялардың кеңесімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіледі. Екінші модель, «корпоративті модель» деп аталады.Бұл модель бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және кәсіподақ қоғамының интеграциясын анықтайды.Мұның негізінде әлеуметтік сақтандыру жүзеге асырылады.Әлеуметтік сақтандыру қызметі мамандандырылған топтардың қатарына кіруіне байланысты анықталады. Үшіншісі, «либералды модель»,бұл модель әлеуметтік төмен топтарға мемлекет тарапынан минималды көмек көрсетуімен байланысты. Бұл модельді негізінен ағылшын-саксандық елдер қолданылады.Бұл модель Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде жүзеге асырылады.Оның құрамына әлеуметтік сақтандыру кіреді.Бірақ төмен деңгейде дамыған,ал әлеуметтік көмек мұнда орасан зор роль атқарады.Бұл модельде кейбір алшақтықтар бар.Ұлыбританияның мемлекеттік жүйесі денсаулық сақтауды қолдау мақсатында барлық адамдарға ақысыз түрде медициналық қызмет көрсетеді,ал Ирландияда ақысыз тегін медициналық қызметті тек төмен жалақы алатын адамдарға ғана көрсетіледі. Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады.Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын.Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ.Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс. Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды,өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы проблемасының салдарынан шешілмейді,әрі қарай күрделі проблемалардың өршуіне алып келеді.Қоғамның,ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек.Әлеуметтік жұмыс жүзеге асуы үшін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды.Әр түрлі себептердің салдарынан туындаған мәселенің нақты жолын табу үшін заманауи үлгідегі технологиялармен оқытылған,біліммен байытылған мамандар мен кадрларды қайта даярлау ең басты міндет болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік мәселелердің шешілуі ең алдымен білікті маманға байланысты.Шет елдермен тәжірибе алмасу елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізеді.Әлеуметтік қызметкер мәселені шешуде өзінің тиімді әдістерін,белгілі бір құралдарды пайдаланады.Оларға әр түрлі іс-қимылдар,заттық жабдықтар,қосымша рухани және материалдық қаражаттар,әдістер жұмыс түрлері,ақпараттық технологиялар жатады.Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасы біліміне,шеберлігіне байланысты қалыптасады.Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде жаңалықтардың ашылып тұруы мүмкін.Бұл мақсатқа тез жету үшін ақпараттық технологияларды дамыту керек.Әлеуметтік жұмыста анализ,синтез,салыстыру,бақылау,эксперимент,және т.б әдістер дұрыс қолданып жүзеге асуы тиіс.Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады.Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық,психологиялық,педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады.Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына байланысты,яғни онда азық-түлік,зат,ақша жеңілдік,ақшалай көмек т.б. тәрізі түрлі көмектер беріледі.Псих-педагогикалық әдіс-тура емес,жанама клиентке,оның мінез-құлқы мен көңіл күйіне әсер ету арқылыжүргізілетін әдістер түрін зерттеу керек.Әлеуметтік жұмыстың үлгісі-әлеуметтік жұмыстың социологиялық модельі қоғаммен тікелей байланысты,көптеген социологиялық үлгілер социологиялық концепциялардан туындаған.Социологиялық әдістің әлеуметтік-радикалды үлгісі адамның құқығы үшін күреседі,осы әдісті әрі қарай жандандыруымыз керек.Қоғамдағы түрлі кері әсерлердің болмауының алдын алуымыз керек.Әлеуметтік жұмысты дамытуда әлеуметтік қызметкер рольдік теория немесе рольдік әдіс теориясын ерекше жақсы игеруі тиіс.Әлеуметтік қызметкер рөльдік ойын арқасында клиенттің мінез құлқын өзгертеді.Мысалы,әйел-ана «немқұрай әйел» рөлінен айырылғысы келеді.Осы ойын арқасында әлеуметтік қызметкер бұрынғы рөлін «жақсы көруші ана» рөліне өзгертеді.Осылайша әлеуметтік қызметкер өз клиенттеріне көмек көрсетеді.Адамның өзін-өзі өлтіруі,бүлік,нашақорлық,жыныстық тергеуесе ақылдылық және т.б мәселелерді шешудегі девиантты мінез-құлық теориясын жетілдіруіміз керек,себебі қоғамдағы кең етек алып жатқан негізгі әлеуметтік проблемалар осы болып табылады.Адамдардың бір-бірімен конфликтке түспеу үшін мемлекет тарапынан адамдардың моральдық құндылықтарын ең қиын ситуацияда қорғай алатын заңдық құжаттама дайындауымыз керек. Қазіргі Қазақстандағы зейнеткерлердің өмір сүру жағдайына табысты қайта бөліп беру саясатына үлкен көңіл бөлінеді.Онда еңбекақының адамды еңбек еткен кезіндегі жағдайды қамтамасыз етеді дейді,және оны мемлекет қадағалап отырады. Сол үшін үкімет зейнетақы қорын ашты.Отандық ғалымдардың ойынша, жұмыссыздық жағдайында қиынырақ, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жүйесі адам кәсіподақта тұруына байланысты болады. Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды.Осы модельдерді Қазақстан өз әлеуметтік жұмысын дамытуда қолдануына болады. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдағанда: кризисті приодтағы, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын жүзеге асу нәтижесі өте төмен болды. Әлеуметтік жұмыстың қағидаларын реттеуде мемлекеттің саясаты басты негіз болып табылады.Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік технологияларды қарапайым(арнайы мамандығы жоқ адамдарда жүргізген),күрделі (мамандықты қажет ететін) және комплексті(бірнеше мамандықтарды қажет ететін)болып бөлінеді.Әлеуметтік жұмыстың жалпы психологиясымен бірге(диагноз,экспертиза,болжау,көпшілікпен байланыс)әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін іске асыруымыз керек. Болашақты алдын-ала пайдалану технологиясының негізінде тұрғындардың камқорлығы туралы мемлекеттің ерекше саясаты жатады. Дегенмен парламенттің депутаттары қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік мәселелерді алдьн-ала шешумен айналысқысы келмейді. Осындай мәселелер адамдар өміріне кіріп, оларға көп қиындық пен қайғы әкелгенде ғана депутаттар зандарды қабылдайды. Мысалы: Қазақстанда балалар туылған кезде берілетін әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап қана беріліп жатыр. Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге белінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (реабилитация) технологиялары. «Диагностика термині (грек тілінде «танып-білу, анықтау) медицинада ауруды тану және диагноз қою дегенді білдіреді. Әлеуметтік ауру туралы тусінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыптасты. Туберкулез, рахит, жыныстық қатынас арқылы жүғатын аурулар көбінесе адамдардың материалдық жағдайының нашарлығымен байланысты. Қайыршылық, ашаршылық, жалғыздық және т.б. әлеуметтік ауруларға жатады. Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Эксперттік зерттеуде маманның дәлелденген нәтижесінде кажетілік туады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функциядан тұрады:диагностикалық (клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттьтқ бакылау (клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық (клиенттің болатын жағдайында анықталынады), жобалылық (шешім қабылдауға ұсыныстар шығару). Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар (инновациялар енгізіледі. Инновация дегеніміз — өзгеріліп отырған өмір жағдайына сәтті ұйымдастырылған жаңалықтар, мысалы; сенім телефоны. Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету. Әлеуметтiк жұмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелеріне негізделе отырып, басты мәселерді шешуде пайдаланылатын әдiстердiң кешенi болып саналады. Әлеуметтік жүмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың дамуы үшін шетелдердің тәжірбиесін қолдану мен зерттеу өте маңызды. Әлеуметтік жұмыстың әр түрлі топтамасының ерекшеліктері әр елде өзгеше. Вольтер, ”Елімді қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты оны байыту үшін басқа елдердің ұтымды тәжірбиелерін пайдаланамын дегендей, Қазақстан үшін өз дамуында шет елдік тәжірбиелерді қолдануы өте маңызды. Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың мүшесі,оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау табуда және нақты іс жүзінде асырылып келеді. Шет елдің әлеуметтік жұмысын зерттеу әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сондай тәсілдердің ішінен мен салыстыру әдісін таңдап, осы әдіс арқылы Қазақстан мен шет елдегі жүргізіліп отырған әлеуметтік жұмысты салыстырып,шет елдік әлеуметтік жұмыс тәжірбиесінің Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктерін қарастырдым. Әр елде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі пайда болған кезде,әдеттегідей осы мақсаттардың біріне жетуге бағдар алынған. Жалпы сипаттағы жүйелер, көбінесе жаппай кепілді, ең төменгі көрсеткішті қамтамасыз етуге, ал жекелеген кәсіптік топтарды ерекше қамтитын әлеуметтік сақтандыру жүйелері жоғалтқан еңбекақыны өтеуге бағытталған, онда олар көбінесе кедейліктің алдын алу қызметтерін,атап айтқанда,әлеуметтік көмек көрсетуді басқа институттарға қалдырады. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі толық ортақтас қағидасының басымдылығымен,мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады.Мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша,жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық қағидасында ұйымдастырылған.Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер,азаматтығы жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде,еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан,егер заңдарда және халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады. Шет елдегі әлеуметтік жұмыс тәжірбиесін зерттеуде әр елдің әлеуметтік жұмыс жүргізудегі,осы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің маңыздылық деңгейі сияқты өзіндік ерекшеліктерін қарастырған жөн.Мысалға,осындай сипаттарға байланысты американдық және еуропалық әлеуметтік жұмыс модельдері ерекшеленеді.Біз өз мемлекетіміздің тұрақты дамуында осы шет елдік тәжірбиенің оң тұстарын ғана қолдана білуіміз қажет. Айтылып кеткендей,ҚР және Еуропа Одағының халқының өмір сапасы стандартының заңнамалық негізі өзіндік нормалармен ғана емес,сонымен қатар мемлекетте қалыптасқан тарихи – мәдени ерекшеліктерге қарай ұйымдастыру және қаржыландыру тәсілдерімен ерекшеленеді.Бірақ бұл ерекшеліктерге қарамастан ҚР мен Еуропа елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бір бағытта жүреді. Қазіргі Германия мен Қазақстанның әлеуметтік саясатына параллельдер жүргізу мен басты даму беталыстарын салыстыру,бір қарағанда болашақсыз тапсырма болып көрінеді.Екі мемлекеттің әлеуметтік жұмыстары мен әлеуметтік саясатының мазмұны мен құрылымындағы айырмашылықтар тым орасан.Германияда әлеуметтік жұмыс мынандай бағыттарда қызмет атқарады:әлеуметтік сақтандыру,әлеуметтік қамтамасыз ету,әлеуметтік көмек.
R ақпарат