• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу саясаты қалай жүзеге асып жатыр?!

Автор:admin

Ноя 10, 2022
Spread the love

Қазір әлем елдерінің әлеуметтік әлеуеті, жалпы хал-ахуалы ондағы халықтың жұмыспен қаншалықты қамтылғандығымен де өлшенетіні белгілі. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер әсері айтарлықтай зор. Осыған орай жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің қашанда басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндеттің орындалуы қалай? Қазір әлем елдерінің әлеуметтік әлеуеті, жалпы хал-ахуалы ондағы халықтың жұмыспен қаншалықты қамтылғандығымен де өлшенетіні белгілі. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер әсері айтарлықтай зор. Осыған орай жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің қашанда басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жумыссыздык Иә, әлемді әлекке салған қар­жы­лық дағдарыстың салдары да осы жұмыссыздыққа кеп жұ­ғыс­қан болатын. Талай елде береке кетіп, басына қиын күн туды. Мұн­дайда, «жұмысы жоқтық ашын­дырар адам баласын» демеске ама­лың жоқ. Себебі әлемде орын алып жатқан көтерілісшілердің көп­шілігі, бей-берекет бүліктің, тіп­ті қантөгістің құрбандарының кө­бі осы жұмыссыз жүргендер еді. Халықаралық еңбек ұйы­мы­ның мәліметінше, 2007 жылы қар­жылық дағдарыс басталғаннан бері әлемде жұмыссыздық дең­гейі 28 млн. адамға көбейіпті, ал 2009 жылы 199 млн. адам жұ­мыс­тан босатылған. Одан кей­ін жұмыссыздық шамалы азай­ға­нымен, 2012 жылдан бастап қай­тадан арта бастады. 2012 жылы олардың қатары 197 млн. адамға жеткен. Ал 2013 жылы әлемде жұмыссыздық деңгейі 5 млн.-нан артып, 202 млн. адамға жетуі мүмкін деп болжанған. 2014 жылы жұмыссыздар қатары тағы 3 млн. адамға көбейіп, 2017 жылы 210,6 млн. адамға жетеді-мыс. Дүние жүзіндегі экономикалық белсенді халықтың арасында жұмыссыздар қатары 6 пайыз деңгейінде болмақ. Швейцарияның Женева қа­ла­сында орналасқан Халықаралық еңбек ұйымы әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы – шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған деп отыр. Олар «әлемде 6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп хабарлаған. Осын­дай мәліметтермен дабыл қақ­қан Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең бас­ты мақсат» деп қарастыруға ша­қыр­ған болатын. Ұйым өкілі Хо­се Мануэль Салазар-Ксиринакс «Дағдарыс деңгейіне жеткен жас­тар арасындағы жұмыссыздық проблемасы жұмыс орнын ашу мен шешім шығару үрдістеріндегі басты мақсатқа айналып, жекеменшік секторындағы инвестиция айтарлықтай дамыса ғана бұл мәселе шешілуі мүмкін» деген дейді G-Global коммуникативті алаңы жариялаған ақпарат көзі. Олай болса, жұмыссыздықпен күрес бүкіл жаһан жұртының бас­ты міндеті болса керек. Жаһандағы жағымсыз жаңа­лықтың жаңғырығы бізге де жұ­мыс­сыздық жайына бейжай қа­рауға болмайтындығын еске салатындай. Ендеше, елдегі жағдай қалай, енді соған тоқталайық. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8 пайызды құрап, 2011 жылы 5,4 пайызға дейін төмендеген болатын. 2012 жылы 5,3 пайыз, ал 2013 жылғы қаңтарда – 5,4, мамырда 5,3 пайызды құраған. Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни жұ­мыс­бастылықты көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Осыған байланыс­ты «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны орындау аясында 2016 жылға қарай 1,5 миллион адамды жұмыспен қамту қарастырылуда. Бағдарлама негізінен 4 ба­ғыт­тан құралған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бірінші бағыт, яғни білім беру және жұмысқа орна­ластыруға жәрдемдесу бойынша, кәсіптік білім беру аясында бүгінде 95,7 мың адам білім алып, 58,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, 31 мың адам халықаралық тәжірибеден өтіпті. Былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына 27 373 адам орналасса, биыл 19 370 адам жұмысқа тұрған. Өткен жылы уақытша жұмыс орындарынан 21,5 пайы­зы, биыл 33,3 пайызы тұрақты жұ­мысқа орналасты. Екінші бағыт арқылы, ол дегеніміз ауыл тұр­ғындарын шағын несиемен қамтамасыз ете отырып, ауыл ішіндегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, 11 мың адам кәсіп­кер­ліктің негізі бойынша білім алған. Былтырғы жылы 6572 бағдарлама қатысушысы 12 млрд. 368,3 млн. теңге көлеміндегі ша­ғын несиемен қамтамасыз етілді. Еңбек ресурстарын ың тиім­ділі­гін арттыруды көздейтін ке­ле­сі бағыт бойынша 2011-2013 жылдарға 1211 тұрғын үй­дің құрылысы жос­парланған. Бү­гінде соның 801-нің құрылысы аяқ­тал­ған. Инфра­құрылымды дамыту арқылы халық көп шоғырланған ауылдарды дамыту негізінде 2700 отбасы әлеуеті төмен ауылдардан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары елді мекендерге қоныс аударды. Былтыр төртінші бағыт бойынша «Халық көп қоныстанған ауылдарды дамыту» бағдарламасын іске асыру кезеңі басталған. Нәтижесінде 565 жоба жүзеге асып, ауылды жерлерде 7,3 мың жұмыс орны ашылыпты. Жұмыспен қамту бағдар­ламасын іске асыру үшін 169,4 млрд. теңге қарастырылған. Оның 54,5 млрд. теңгесі кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмысқа орналастыруға, 32,9 млрд. теңге кәсіпкерлікті дамытуға, 26,9 млрд. теңге еңбек ресурстарының тиімділігін арттыруға, 42,3 млрд. теңге халық көп шоғырланған ауылдарды дамытуға бөлінген. Негізінен бұл бағдарламаны жүзеге асыратын бірден-бір тиісті мекеме ол – жұмыспен қамту орталықтары. 2011 жылдан бастап еліміздің барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­­ламасын жүзеге асыратын жұ­мыспен қамту орталықтары құ­рыл­ған болатын. Ал осы жұмыс­пен қамту орталықтары халықты қан­шалықты жұмыспен қамтып жа­тыр дегенге келсек, оған жоға­ры­да аталған көрсеткіштер жауап бола алады. «Жұмыспен қамту орта­лық­тары жұмыспен қамтып жатыр ма?» деген сауалдың жауабын биыл жазда өт­кен республикалық «Мамандықтар жәрмең­кесі­нен» де іздеп көрдік. Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұ­мыспен қамту мәселесі жө­нін­дегі ақпараттық талдау орта­лығының мәлі­мет­теріне қара­ғанда, биыл жазда еліміздің аймақтарында өткен аталмыш шараға 40,1 мыңнан астам адам қатысыпты. Олар­дың 61 пайызы, яғни 24,4 мың адам – жұмыс­сыздар, 23 пайызы немесе 9,3 мыңы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 5206 жұ­мыс беруші 31275 бос жұмыс орындары туралы жариялап, бұл жұмыс орындарына 10127 адам жолдама алып, оның 78,5 пайызы немесе 7953 адам жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, 517 оқу ор­ны қатысып, олармен 1013 келісімшарт жа­салған. 1505 адам оқуға, оның ішінде 632 адам немесе 42 пайызы кәсіптік дайын­дыққа жіберіліпті. Жәрмеңкеде жалпы құрылыс мамандықтарына деген сұранысы жоғары болғандығы байқалған. Сұранысы жоғарылар қатарында одан әрі мұғалім және дәрігер сынды мамандықтар тұр. Қалай болғанда да, елімізде жұмыспен қамту жөнінде жұ­мыс­тар жүйелі жүріп жатқандай. Тек еңбекке деген ынта-жігер болса бол­ғаны, екі қолға бір күрек табылады. Қазақстандағы  мемлекеттік  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  басым­
дықтары қаралады. Сол басымдықтардың ішінде автор халықты жұмыспен қамту саласы мен денсаулық сақ­
тау  саласындағы  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  нәтижелеріне  тоқталып  өткен.  Мемлекеттің  әлеуметтік
жаңғырту саясатының басты бағыты халықты жұмыспен қамту мәселелерімен байланысты. Жұмыспен қамту
саясаты өз кезегінде келесі бағыттарды қамтиды: аймақтардағы халықтың жұмысбастылығын арттыру, олар­
ды оңтайлы орналастыру мен жұмыспен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру; ауыл халқының жұмыспен
қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсарту үшін ауылды жерлерде кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетіп, жағ­
дай  жасау;  еңбек  ресурстарының  жинақылығын  арттыру  үшін  Қазақстанның  дамуы  төмен  аймақтарынан
әлеуметтік­экономикалық  жағдайы  жоғары  басқа  елді  мекеніне  көшуге  қолдау  көрсету  және  т.б.  Сондай­ақ, аталмыш мақалада денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері, сол салада жүргізілген мемлекеттік
саясаттың  оң  нәтижелері  мен  проблемалары  қаралған.  Салада  жүргізілген  реформалардың  оң  нәтижелері
ретінде Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыры­
луы, мемлекеттік және жеке меншік ауруханалардың, әртүрлі деңгейдегі амбулаториялық­емханалық көмек
көрсететін объектілердің салынуы, медициналық кластердің құрылуы, саланы қаржыландыру көлемінің ар­
туы, еліміздің оқшау жатқан аудандарын медициналық қызметпен қамтамасыз ететін транспорттық медици на
енгізілуі сияқты жетістіктер атап көрсетілген. Сондай­ақ, мақалада денсаулық сақтау саласындағы алғашқы
медициналық­санитарлық көмек көрсету жүйесінің жеткілікті деңгейде дамымауы, әлемдік стандарттармен
салыстырғанда саланы қаржыландыру деңгейінің төмендігі сияқты өзекті мәселелер де қаралған.
Тірек сөздер: жаңғырту, әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық, жұмысбастылық, жұмысқа
орналасу, денсаулық сақтау, ауыру деңгейі, медициналық кластер, қаржыландыру.
Әлеуметтік  саланы  жаңғырту  бүгінгі  күні  мемлекеттің  жүргізіп  отырған  саясатының
негізгі  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Әлеуметтік  жүйені  жаңғыртудың  негізгі  мақ­
саты – халықтың еңбек және шаруашылық белсенділігін ынталандыру, әрбір жұмысқа қабілет­
ті адамға өзінің еңбегімен жанұясының әл­ауқатын түзеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
жағдай жасау негізінде Қазақстан азаматтарының өмір сүруінің деңгейі мен сапасын арттыру.
Әлеуметтік жаңғыртудың негізгі қағидалары ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан хал­
қына арнаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам»
атты Жолдауында анықталған.
Сондай­ақ,  мемлекеттің  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  негізгі  бағыттары  ҚР  Прези­
дентінің  Қазақстан  халқына  арнаған  «Әлеуметтік­экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстанның
да муының негізгі векторы» жолдауында атап көрсетілген болатын. Сол жолдауда көрсетілген
еліміздің әлеуметтік­экономикалық дамуының негізгі 10 бағытының 3­еуі әлеуметтік саланы
жаңғыртумен тікелей байланысты. Қазақстанның әлеуметтік­экономикалық дамуының бірінші
бағыты  Қазақстан  халқын  жұмыспен  қамту  деңгейін  жоғарылатумен  байланысты.  Халықты
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру үшін әлеуметтік жаңғырту
шаралары негізгі 4 бағытта жүзеге асырылып отыр:
1)  халықты  жұмыспен  қамтуды  тұрақты  және  тиімді  түрде  жүзеге  асыру  үшін  еңбек
әлеуетін дамыту, тұрғылықты жер бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсету;
2)  ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау;
3)  халықтың әлеуметтік­экономикалық даму әлеуеті төмен тұрғылықты жерлерден өз ер­
кімен  әлеуметтік­экономикалық  даму  әлеуеті  жоғары  тұрғылықты  жерлерге  және  эконо ми­
калық даму орталықтарына көшуіне мүмкіндік жасау;

29
4)  орташа  және  жоғары  әлеуметтік­экономикалық  даму  әлеуеті  бар  ауылдық  жерлерде
инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Халықты  жұмыспен  қамту  саясатының  аталмыш  бағыттарын  жүзеге  асыру  мақсатымен
2011 жылы 31 наурызда «Жұмыспен қамту–2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Аталмыш  мемлекеттік  бағдарламаның  жүзеге  асырылуы  және  мемлекеттің  белсенді
әлеуметтік жаңғырту саясаты халықты жұмыспен қамту саласында оң нәтижелерге алып келді.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2000–2016 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыссыздық
деңгейі    12,8%­дан  5%­ға,  яғни  2,6  есеге  қысқарған.  Зерттеліп  отырған  мерзімде  жастар
жұмыссыздық деңгейі 17,2%­дан 4,1%­ға, яғни 4,2 есеге қысқарған [1].
Сурет 1 – 2000–2016 жж. ҚР халқының жұмыспен қамту көрсеткіштерінің серпіні
Жастар жұмыссыздық деңгейінің елеулі қысқаруын Атырау облысынан байқауға болады:
2016 жылды  2000 жылмен салыстырғанда жастар жұмыссыздығы 8,8 есеге қысқарған. Сондай­ақ,  15  жыл  ішінде  жастардың  жұмыссыздық  деңгейінің  қысқаруы  Алматы  (5,9  есе),  Ақмола
(5,6  есе),  Ақтөбе  (5,6  есе),  Солтүстік  Қазақстан  (5,6  есе),  Қостанай  (4,9  есе)  облыстарында
байқалады.
Сурет 2 – Қазақстан аймақтарында 2000–2016 жж. жастар жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі

30
Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту саясатының келесі бағыты денсаулық сақтау саласын
жаңғырту  мен  салауатты  өмір  салтын  дамытумен  байланысты.  Әлеуметтік  жаңғыртудың
бұл  бағытының  аясында  2011–2015  жылдарға  денсаулық  сақтау  саласын  дамытуға  арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды және бүгінгі күні 2016–
2020 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы игеріліп жатыр.
Денсаулық  сақтау  саласында  жүргізілген  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  нәтижесінде
келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
1)  бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылды және ол әрбір азаматқа медицина­
лық ұйымды таңдау құқығын береді, яғни бұл қағидаға сәйкес пациент жоспарлы госпитализа­
циялау үшін республика бойынша стационарды өзі таңдайды;
2)  2007–2015 жылдар аралығында республикада 100­ден аса мемлекеттік және жеке мен­
шік ауруханалар, 489 әртүрлі деңгейдегі амбулаториялық­емханалық көмек көрсететін объек­
тілер салынды;
3)  10  жыл  ішінде  (2006–2016  жж.)  денсаулық  сақтау  саласын  қаржыландыру  көлемі
7,8 есеге, 20 жыл ішінде (1996–2016 жж.) – 82 есеге артты;
4)  медициналық кластер құрылды. Бұл инновациялық денсаулық сақтау объектілері: ба­
лалар оңалту орталығы, ана мен бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық жәр­
дем, кардиология орталықтары, әлемдік деңгейдегі онкологиялық орталық;
5)  3300­ден аса амбулаториялық­емханалық ұйымдар халыққа толығымен ақысыз алғаш­
қы медициналық­санитарлық көмек көрсетеді;
6)  еліміздің оқшау жатқан аудандарын медициналық қызметпен қамтамасыз ететін транс­
порттық медицина енгізілді.
7)  халықтың  жекелеген  ауру  түрлерімен  ауыру  деңгейінің  төмендеуі.  Атап  айтқанда
2000–2016 жылдарда халықтың туберкулез ауруымен ауыруының деңгейі және бала өлімінің
деңгейі едәуір азайды. Халықтың туберкулез ауруымен ауыруының деңгейінің азаюы, әсіресе
Қызылорда облысында байқалады: 2000–2016 жылдар аралығында бұл көрсеткіш  3,92 есеге
қысқарған. Сондай­ақ, туберкулез ауруының деңгейі 2000–2016 жылдары Маңғыстау (3,6 есе),
Ақтөбе (3,4 есе), Павлодар (2,8 есе) облыстарында және Астанада (3,3 есе) байқалады.
Сурет 3 – 2000–2016 жж. туберкулез ауруының деңгейі, 100000 адамға шаққанда
Ана  және  бала  денсаулығын  қорғау  саласында  жүргізілген  әлеуметтік  жаңғырту  саясаты
бала  өлімі  деңгейінің  едәуір  төмендеуіне  алып  келді.  Аймақтарда  бала  өлімінің  азайғанын
байқауға  болады:  Павлодар  облысында  2000–2016  жылдары  бала  өлімінің  деңгейі  3,2  есеге
қысқарды.  Сондай­ақ,  бала  өлімінің  деңгейі  Маңғыстау  (2,8  есе),  Ақтөбе  (2,3  есе),  Жамбыл
(2,2 есе) және Қостанай (1,8 есе) облыстарында айтарлықтай қысқарғаны байқалады.

31
Сурет 4 – 2000–2016 жж. аймақтардағы 100 туған балаға шаққандағы бала өлімі деңгейі
Алайда  денсаулық  сақтау  саласындағы  оң  өзгерістерге  қарамастан,  бұл  салада  шешімін
табуды  қажет  етіп  тұрған  проблемалар  жеткілікті.  Сол  проблемалардың  негізгілерінің  бірі
алғашқы  медициналық­санитарлық  көмек  көрсету  буынының  даму  деңгейінің  төмендігімен,
атап  айтқанда  материалдық­техникалық  базаның  әлсіздігімен,  кадрлық  құрамның  кәсіби
деңгейінің салыстырмалы түрде төмендігімен, осы буынға бөлінетін қаржыландыру көлемінің
жеткіліксіздігімен  байланысты.  2016  жылдың  нәтижесі  бойынша  Қазақстан  денсаулық  сақ­
тау  саласының  алғашқы  медициналық­санитарлық  көмек  көрсету  буынына  КАМК  (кепіл­
дендірілген  ақысыз  медициналық  көмек)  аясында  бөлінетін  қаражаттардың  17,8%­ы  ғана
жұмсалады екен (халықаралық стандарт бойынша 40%). Алғашқы медициналық­санитарлық
көмек көрсету проблемаларын шешу үшін бұл буында кешенді жан басына бекітілген норма­
тив ке негізделген жартылай қор ұстау жүйесі енгізілген. Бұл қаржыландыру жүйесіне сәйкес
алғашқы  медициналық­санитарлық  көмек  көрсету  жүйесінің  медициналық  қызметкерлерін
ин дикаторлар негізінде қызметінің соңғы нәтижесіне жетуге қосқан үлесі үшін ынталандыру
шығындары көбейтілген болатын. Соңғы нәтиженің келесі индикаторлары енгізілді: ана өлімі
болмағаны үшін индикатор; бала өлімінің болмағаны үшін; еңбек сапасы үшін халықтан шағым
түспегені  үшін;  обыр  ауруын  алдын­ала  анықтағаны  үшін;  өкпе  туберкулезын  уақытында
диагностикалағаны  үшін;  қан  айналымы  ауруларының  қабынуының  төмендеуі.  Алайда  бұл
жүйе алғашқы медициналық­санитарлық көмек көрсету буынының дамымағандығының проб­
лемаларын  шеше  алмады  және  сала  ресурстарды  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жаңа  меха­
низміне көшуді талап етеді.
Сонымен қатар, отандық денсаулық сақтау саласының дамуын тежейтін проблема ретінде
саланы  қаржыландыру  көлемінің  жеткіліксіздігін  атауға  болады.  Әлем  елдерінің  рейтингі
бойынша денсаулық сақтау саласының шығындарының көлемі жағынан Қазақстан 190 елдің
ішінде  153­ші  орында  (дүниежүзілік  экономикалық  форум:  2016–2017  жаһандық  бәсекеге
қабілеттілік рейтингі).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығы бойынша мемлекеттегі денсаулық
сақтау  саласының  қалыпты  жұмыс  жасауы  үшін  салаға  бөлінетін  қаржының  мөлшері  елдің
ЖІӨ­нің 5%­нан кем болмауы керек. Ал Қазақстанда 20 жыл (1996–2016 жж.) ішінде саланы
қаржыландыру  көлемі  едәуір  (82  есе)  өскенімен,  бұл  жылдар  ішінде  салаға  бөлінген  қаржы
көлемі ЖІӨ­нің 2,52%–3,14% деңгейінен көтерілмеген.
Сонымен қатар, салаға жұмсалған қаржы көлемінің тиімсіз пайдаланылатынын байқауға
болады.  Статистикалық  деректерге  сәйкес  Қазақстанның  денсаулық  сақтау  саласына  жұм­
салатын қаржы ресурстарының 70%­ынан астамы бағасы қымбат стационарлық емдеудің шы­
ғындарын жабуға жұмсалады. Стационарларда емделген аурулардың біршама бөлігін алғаш­
қы  медициналық­санитарлық  көмек  көрсету  деңгейінде  емханаларда  стационардың  орнын
ба сатын технологияларды дамыту арқылы емдеу мүмкіндіктері қаралмайды. Осы орайда ал­
ғашқы медициналық­санитарлық көмек көрсету буынының дамуына мүмкіндік беретін және
бағасы қымбат стационарлық емдеуге кететін негізсіз шығындардың табиғи жолмен қысқа руын
қамтамасыз  ететін  толық  қор  ұстауға  негізделген  жан  басын  қаржыландыру  әдісін  енгізудің
қажеттілігі туындайды.

32
Қорыта айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік жаңғырту саясатының оң нәтижелерімен қатар,
әлі  шешуін  таппаған  көптеген  мәселелердің  бар  болуы  әлеуметтік  саладағы  мемлекеттің
саясатының жүзеге асыру механизмінің жекелеген элементтерін әлі де жетілдіріп, дамытуды
қажет етеді. Адами капиталдың өсу деңгейі кез­келген өркениетті мемлекеттің алдына қойған
негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Сондықтан аталмыш мәселені шешуге бағыттал­
ған мемлекеттің бірден­бір саясаты әлеуметтік саланы жаңғыртумен байланысты болмақ. Осы
себептен мемлекет өзінің әлеуметтік саясатын үнемі жаңғыртып отыруға мүдделі болады.

 

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика