Батыс мемлекеттері демографиясындағы үрей егде жастағы адамдар саны ұлғаюымен байланысты және осы процес ұлттық саясатты қайта құрылымдауды талап етеді. Қартаюдан туындаған проблемалар бүгінде ұлттық қауіпсіздіктің нысанына айналып, еуропалық мекемелер жүйесі қартайған халыққа қызмет көрсетуге басымдық берді. Ал Қазақстан биылғы жылы кезекті Халық санағын жүргізуге дайындық үстінде. Бұл ретте республикадағы демографиялық ахуалдың ағымдағы жағдайын зерделеуде қандай өзгерістер динамикасын байқауға болады? Тәуелсіздік рухындағы «халықтың қайта жандану» үлгісін қарап, демографиялық құнарлығына назар аударамыз. Демографиялық өзгерістің Қазақстанға әсері
Демографиялық өзгерістер еңбек нарығы, мәдени сәйкестілік пен азаматтық келісім, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы гендерлік тепе-теңдік, өмір сапасы және жаһандық адами капиталға қатысты мәселелермен байланысты. 2023 жылы демография саласының негізгі оқиғалары қатарында әлемдегі халық саны 8 млрд. адамға дейін артып жығылады, бірақ 2027 жылдан бастап Еуропада халық санының қысқаруы басталатындығы туралы болжамдар бар. Жаһандық деңгейдегі өзгерістерді кейс ретінде қарастырсақ, 2000-2006 және 2007-2013 жылдар аралығында «Keep» дерекқорында «демографиялық өзгеріс және көші-қон» деген сөзбен 236 жоба анықталып отыр. Қартаю осы жобалардың басты назарын аударады. Жобалардың едәуір саны ауылдық жерлерде және қысқаратын аудандар мен қалаларда демографиялық құлдырауға қатысты. Жоғарыда ұсынылған кестеге сәйкес шетелдік зерттеуші Е. Щербакова «халықтың қартаюын жаңа құбылыс деп атауға болмайды, бірақ бұл алдағы онжылдықтарда қарт адамдардың, әсіресе, ең үлкен жастағы адамдардың (80 жастан асқан) үлес салмағы тұрақты және тез өсетін кезде маңызды болады», — деп түйіндеген. Қазіргі Қазақстанның еңбекке қабілетті мүмкіндігін 16-62 (57) жастағы азаматтар (10 746 255 адам) құрап отыр. Оның ішінде басымдық Алматы қаласы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне тиесілі. Статистика комитеті ұсынған 2010 және 2016 жылғы деректерді сұрыптай отырып, жоғары өсім 0-15 жас аралығында орналасқан. Олардың жынысы бойынша санында да үлкен алшақтық жоқ. Бұл ретте жасөспірімдердің сапалы білім алуы республиканың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейте түспек.
R-ақпарат