• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстанның демография мәселесі.

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Алайда сәбилердің шетінеуі Павлодар (1999 жылдың қаңтар – қарашасындағы 25-тен 2000 жылғы қаңтар – қарашада 25,8 – ге дейін), Жамбыл (21,4 тен 23,9 ға дейін), Қызылорда (22,5 тен 23,3 – ке дейін), Қостанай (20,8 – ден 22,1 – ге дейін) және Ақтөбе (18,5-тен 22-ге дейін) көбейгені атап айту керек. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу себептерінің құрылымында аса жоғары (60-дан астам) бағалы салмақ тыныс алу органдары мен шарана кезінде пайда болатын патологиялық ауруларға түсіп түр. Ал 1-5жасар сәбилер көбінесі қабынудан шетінейді (осы жастағылардың жалпы санының 17,6). 2000 жылдың 11 айында елімізді тұтастай алғанда тіркелген неке – 83,8 мың, ажырусы 25,3 мың (немесе 1000 адамға 6,2 неке қиылып, 1,9 ажырасу), ал 1999 жылғы қаңтар – қарашада тиісінше 78,9 мың неке және 23,6 мың ажырасу немесе 1000 адамға 5,8 неке қиылып, 1,7 ажырасу орын алды. 2000 жылғы қаңтар-қарашада көшіп қонушылар саны – 347, 6 мың адам (1999 жылғы осы кезеңде – 346 мың болған). 1999 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда былтыр еліміздегі халықтың көшіп-қонуынан шеккен шығыны 2,2 қысқарып, 116,7 мың адам болды. Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды  болды. 2000 жылдың 11 айында жалпы көшіп-кетушілердің 75 процент осы елдерге кетті. Сыртқы көшіп-қону бойынша жаппай кетушілік Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында орын алды. Кетушілердің арасында орыстар (58,5) мен немістердің (18,5) сыбағалы салмағы ересен. ТМД   елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайыз- немістер. 2000 жылдың қаңтар – қарашасында еліміздің шегінде олай-былай орын ауыстыру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9 мың адамға немесе 6,9 процент – қа көбейген. Мұның өзінде көшіп-қону қарқының көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда былтыр 114 болса, 1999 жылғы қаңтар-қарашада 106 еді. Облыс аралық алмасуда теріс көшіп-қону сальдосы республиканың көптеген облыстарында орын алды, аса көбі Алматы (-2,9 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-2,8 мың), Қостанай (-2,5 мың), Шығыс Қазақстан (2,4 мың) және Жамбыл (-2,2 мың) облыстарында байқалды. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді. Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда. Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларды, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Турғындардың урбанизациялану деңгейіне қарай Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 82,2 пайыз), Маңғыстау (78,4 пайыз), Павлодар (63,4), Қызылорда (60,5) , Шығыс Қазақстан (58,8), Атырау (58,2), Ақтөбе (56,2) Қостанай (54,2) облыстары ерекшелінеді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика