• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстандық отбасының негізгі ерекшелігі нуклеарлы емес, үш ұрпақтылығымен нәтижеленеді.

Автор:admin

Сен 2, 2022
Spread the love

Нуклеарлы отбасының үлкен үш ұрпақты отбасына айналу себебі жас отбасының қаржылық қабілетсіздігінен, яғни өз бетінше пәтер ала алмау немесе пәтерді жалға ала алмауынан бір пәтерде бірге тұру қажеттілігі болып табылады. Мұндай жағдай отбасылық рөлдердің шиеленісуіне, отбасылық қызметтер тиімділігінің төмендеуіне, жанжалдың, отбасылық мазасыздық пен эмоциялық күйзелістің артуына себепші болады.

Отбасылық қатынастар психологиясының дамуындағы жаңа бағыт – оның әдіснамалық негіздерін жасау болып табылады, оған негізделу фрагменттілікті, кездейсоқтықты, интуитивтілікті болдырмауға мүмкіндік береді. Негізгі әдіснамалық жүйелілік принципі бойынша отбасылық қатынастар құрылымдық біртұтастықтан тұрады, оның элементтері бір-бірімен тығыз байланысады. Бұл ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық, бала-ата-аналық, бала-балалық, ата-әжелік-ата-аналық, ата-әжелік-балалық қатынастар.

Маңызды әдіснамалық синергетиялық принцип отбасылық қатынастар динамикасын дағдарыстық кезеңдер тұрғысынан қарастырады.

Қазіргі таңда өзара қатынастары бұзылған отбасыларды емдеудің жалпы заңдылықтарын қарастыратын, жинақталған тәжірибелерді біріктіретін жүйелі, ғылыми тәсілдемеге негізделген отбасы психотерапиясы қарқынды жасалып келеді. Неке-отбасы құқығы- қоғамдық қарым-қатынстарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады.

“Отбасы” және “Неке” ұғымдары бір-біріне тәуелді. Неке ұғымына қарағанда, отбасы ұғымының түсінігі кеңірек. Неке — отбасының негізгі алғышарты. Көп жағдайларда дұрыс толыққанды отбасы тек қана неке негізінде құрылады және дамиды. Неке — өз еріктерімен және заңда көрсетілген реттермен толық келісе отырып, отбасы құру мақсатында, мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды тудыратын, әйел мен ер адам арасындағы тең құқықты одақ. Міне осы ұғымнан шыға отырып, халықаралық жеке құқықтағы неке, тек олардың азаматтарының әр түрлігіне байланысты болатындығын белгілейді. Бұл жерде міндетті түрде шетел элементі қатысуымен, яғни жеке тұлғаға (шетел азаматы) қатысты болуы тиіс. Отбасы құқығы – некеге тұру шарттарын және оны тоқтатудың ретін белгілейтін, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа да туысқандар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін, бала асырап алудың тәртібін белгілейтін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Отбасылық қарым-қатынастарда заңдық нормалармен бірге адамдардың адамгершілік қасиеттердің де маңызы зор екенін айта кету керек.

“Неке-отбасы туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осы құқық саласы азаматтық қатынастарды төмендегідей қатынастарға  жіктейді:

1)  некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану қатынастары;

2)  отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың арасындағы, кейбір жағдайларда отбасылық құқыққа байланысты басқа да өзге адамдар мен туысқандар арасындағы өзіндік мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастар;

3) ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды орналастыруға байланысты қарым-қатынастар;

4)  азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты қарым-қатынастар.

Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары – бұл шетел элементімен күрделенген отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Олар тек азаматтық, отбасылық қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен бірге адамгершілік сипатта болатын және заңдық реттеуге тәуелді қарым-қатынастар болып табылады.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика