• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуы маңызды!

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Мақаладағы негізгі мəселе төмендегі мақсатына сəйкес бөліп қарастырылады: əйелдердің саяси жəне экономикалық алға жылжуы; қоғамда, тұрмыстық өмірде əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес; əйелдердің денсаулығын жақсарту жəне т.б.

Өткен ғасырдың аяғында Қазақстанда əйелдер қоғамдық-саяси өмірде белсенді субъект болған жоқ.

Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады. Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкімет емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі мынадай ұйымдар бар,  олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая лига», «Жалғыз басты аналардың Алматылық ассоциоциясы» жəне т.б.

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды.

Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың жəне т.б. құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын, бірақ соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қозғалысы саясатқа күшті əсер етіп отыр. 1998 ж«Əйелдердің сайлау бастамасы» коалициясы пайда болды, 1999 ж «Əйелдердің сайлау блогы» өзінің қоғамдық саяси қызметін бастады. «Əйелдерді дискриминациялайтын заңдарды алып тастау туралы» Əйелдер конвенциясының 2-бабының талаптарына сəйкес ұлттық заңнамаға гендерлік сараптама жүргізілуде.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика