• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Автор:admin

Окт 22, 2024
Spread the love

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Форумның мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту. Форум барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.
Самарқан облысының туристік әлеуетін және Жизақ облысында машина жасау саласының дамып келе жатқанын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Аталған келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Самарқанд және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды. Бұл өз кезегінде өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға, инвестиция тартуға және туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1 617 бірлікті құрады, оның ішінде 14 – ірі, 39 – орта және 1 564 – шағын кәсіпорын. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында 21 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы, өңірдің өңдеу өнеркәсібінің үлесі бүгінде 87%-ды құрап, республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары биылғы қаңтар-тамызында 621,6 млрд теңгенің (2023 ж. 8 айы – 594,6 млрд теңге) өнімін өндірп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 103,0%-ды құрады.
Түрлі сала бойынша өнім көлемінің артуы есебінен көрсеткішке қол жеткізілді, атап айтқанда фармацевтика өнеркәсібі – 39,1%-ға, химия өнеркәсібі – 36,7 %-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру – 17,6%-ға, машина жасау – 6,0%-ға, мұнай өңдеу өнімдері – 2,3%-ға және сусындарды өндіру – 1,7%-ға артты.
Қала бірқатар өнім өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Республикада өндірілетін мақта майының 97%-ы, мақта маталарының – 93%-ы, дәрілік заттардың – 35%-ы, шыны ыдыстар өндірісінің – 34%-ы, цемент клинкерлері өнімінің – 31%-ы, мұнай өнімдерінің – 30%-ы, тазартылған күнбағыс майының – 29%-ы, өңделген шай мен кофе өнімдерінің – 28%-ы, минералды тыңайтқыштардың – 25%-ы, портландцементтің – 23%-ы қалаға тиесілі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика