• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақ тілін жетік меңгерген ұлты өзге полицейлер мерекелік шараға ат салысты

Автор:admin

Апр 23, 2024
Spread the love

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі аясында, Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі» тақырыбында іс-шара басталды.
ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан шараның негізгі мақсаты –мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос қызметкерлерін қоғамға таныту, олардың қазақ тілін, әдет-ғұрпын жетік меңгергенін көрсету.
Осыған байланысты 17 қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің әрқайсысынан қазақ тілін жетік меңгерген полиция қызметкерлері іріктеліп алынып, өздері жайлы бейнежазбалар әзірледі. Бұл қызметкерлер бейнежазбада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, татулық пен ынтымақтасықты нығайтып, ішкі істер органдарының кадр әлеуетін арттыруда қазақ тілін білу өте маңызды екенін жеткізеді.
Мәселен Мақтаарал аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Шохрух Зафарович Баратов ұлты тәжік болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатын жан. Қызмет барысында, отбасында қазақ тілінде сөйлейді. Құжаттардың барлығын мемлекеттік тілде жүргізетін білікті маман. ҚР ІІМ Алматы академиясын 2019 жылы аяқтап, өзі туып-өскен Мақтаарал ауданында абыройлы қызмет етіп келеді. Отбасылы 1 қызы бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика