• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНЫҢ ІРГЕСІ(2)

Автор:admin

Дек 4, 2022
Spread the love

Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.Бұл айтқандарымыз отбасының қоғамдағы маңызы, тәрбиедегі ықпалы, тіршіліктегі орны ғана.Бүгінгі қазақ отбасының қазіргі жағдайына қысқаша шолу жасай отырып, ол жоғарыда келтірілген міндеттерін қаншалықты атқарып,қандай бағытпен, нендкй нәтиждеге жету мүмкіндігіне пікір білдірейік.
Өткен ғасыр қазақ отбасының қатарына отбасы деуге келмейтін алайда оның бірлі жарым қызметін көрсете алатын,жетімдер үйі мен қарттар үйін тіркесе, осы ғасыр алғашқы ширегінде, аналар үйі, зорлық-зомьылықтан айықтыру орталығын әкелгені белгілі. Ал,қазақ отбасы құрамы мен түрлік сипаты тым өзгешеленіп барады. Нактыласақ:отбасындағы зорлық-зомбылық асқынып, ұрып-соғып, шауып- боршалап өлтіру, балиғатқа толмағандарды зорлау,қапаланудан өз-өзіне қол салу, балаларын тастап кету, ажырасу осы шақта қалыпты жағдайға айналып, ешкімді де елең еткізбейтін болып барады. Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының» мәліметінше, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел ажал құшады екен. Дегенмен, Бас прокуратураның 2016 жыл бойынша мәліметіне қарасақ, 36 әйел мерт болған. Тағы бір құқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, былтыр қыз-келіншектерге қатысты 91 631 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 71 965 ауырлығы орташа қылмыс болса, 4 131-і ауыр қылмыстар санатында. Ал, 420-сы аса ауыр қылмыс. https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ Отбасына әулетке тікелей жауапты мемлекеттік мекеме де жоқ болып,аты асқақта-ғаннымен амал-өлшеуі мардымсыз комиссиялар қалған. Осы комиссия жыл сайын отбасы күнін атап өтіп, «Мерейлі отбасы»-ын,анықтап,озаттарды мақтап, етектей мақтау қағаздар мен дипломдар тапсырылады.Бұл не үшін,қандай нәтиже беретінін ұйымдастыр-ушылардың өзі де білмейді.Отбасы күнін атап,мерейлі отбасын марапаттау Африкада да, Азия жұртында да бар.Бірақ олардың мақсаты,өткізу әдісі мүлдем бөлек. (Бұл жайында арнайы мақала да жариланған-ды.Келдің бе,кер заман,қыңыратқып…).
Отбасы тұрақтылығы мен беріктігі өте босап,әйелге,балаға зорлық-зомбылық жасау мүмкіндігі заң аясында артқан.Жаңа заман жағдайында,аралас некенің көбеюі,азаматтық некенің өмірге енуі,жастардың шет елге ұзақ мерзіммен өмір сүру еркіндігінің ашылуы отбасы беріктігі мен тұрақтылығына ерекше әсер етуде.Егер отбасы-қоғамның негізі, кішкентай мемлекет десек, онда осындай тұрақсыз некелерден құралатын қоғамның, мемлекеттің келешегі қалай болмақ?.Өкінішке қарай, жылдан жылға ажырасу жағдайы көбейіп, толыққанды отбасы саны азаюда екен. 2005 жылы ажырасқан отбасы саны 35 834 болса, 2015 жылы 53 293-ке жеткен. Заңды некеде тұрмайтындардың саны артуда. Бұл өткен жылға қарағанда 6,6 пайызға өскен. Некесіз бала табу көрсеткіші өскен. Көп балалы отбасылардың жағдайы әлі де мәз емес. Қазақстанда отбасының саны 3,5млн.Оның 240 мыңының бала саны 4 және онан көп. Азаматтық некедегі және ажырасқан отбасы санын дәл анықтау мүмкін емес көрінеді,тек жобамен айтсақ барлық отбасының бестен біріне тең деседі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өткен жыл соңындағы мәліметіне сүйенсек .2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр. Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ұлдар– 1 987 807, ал қыздар– 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған) халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі екен. Жылына орта есеппен 360 мың баланың дүниеге келетінін ескерсек кәзіргі 3 891 мың бала саны 2020 жылы төрт миллионнан асатыны анық.Оның бір пайызы ғана жетім аталатын болса олар 40 мың болады. Ажырасқан отбасы арқылы пайда болған тірі жетімдер,өгей әке-шеше қарауындағы теперіш көрген жарты жетімдер,зорлық-зомбылыққа душар болған жас ұл мен қыз, ерлерден таяқ жеп,басы жарылып,қол аяғы мерттіккен байғүс әйелдер, басар-жер барар тауы жоқ баспанасыз тентіреген, бала мен ана жағдайы отбасы және неке заң кодекстерге көптеген толықтырулар енгізуді қажет етіп отырғаны белгілі. Отбасын жағдайына қатысты мына жайыттар тағы бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика