Фараби бабамыз отбасын адамзат дамуының алтын ұяшығына балап, әлем халықтары бір отбасы мүшелеріндей береке бірлікті, қайырымды, болса екен деп армандап, оған зор үміт артқан-ды. Отбасы дегеніміз – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.
Отбасы — қоғамның ажырамас бөлігі əрі оның маңызын төмендету мүмкін емес. Отбасы болмайтын ешбір ұлт, ешбір сəл де болса өркениетті қоғам болған емес. Қоғамның алдағы келешегін де отбасысыз елестету мүмкін емес. Əр адам үшін отбасы дегеніміз — барлық бастаулардың бастауы. Адамдардың барлығы дерлік бақыт деген ұғымды, ең алдымен, отбасымен байланыстырады: қазақ ұғымында бақытты адам – өз үйінде тұратын адам, «отының жанында,ошағының басында, кемпірінің қасында», балаларымен бірге, өз елінде, өз жерінде ғұмыр кешіп жатқан адам. Кешегі қазақтар, ғылым тілімен айтқанда; генеративтік (латынша regeneratio — қайта түлеу, жаңару) функциясы белгілі бір мəртебені, ата-тегін, мүліктерді, əлеуметтік жағдайды мұрагерлікке алу дегенді білдіреді;«толықтырылған отбасы» — өзінің құрамы жағынан ұлғайған одақ: бірге немесе бір-бірімен тығыз жақындықта тұратын жəне отбасының құрылымын түзетін ерлі-зайыпты жұп жəне оларың балалары, оған қоса алдыңғы буын ата-аналар, мысалы, əжелер, аталар, нағашы аға-əпкелер;-тұратын жеке отбасының евроазиялық типін басынан кешірді. Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер. Отбасы қоғамның даму барысына да ықпал ете алады. Қоғамның дамуындағы іргелі экономикалық, əлеуметтік, демографиялық процестер отбасының өмірінде анық байқалады. Отбасы адамзаттың бүкіл тарихи болмысында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі болып табылады. Ол өзіндік бір əлеуметтік институт, онда қоғамның немесе оның жекелеген мүшелерінің отбасының ролі мен мəнін білдіретін мүдделері біте қайнасып жатады. Отбасы — мемлекеттің негізі, азаматтың моралі мен құқығы көрініс тапқан бастауыш ұйым. Ең мықты жəне қалыптасқан деген мемлекеттің өзі, егер отбасылық өмір мен тəрбиенің берік орнаған тəртібі болмаса, дағдарысқа ұшырап, ақыр аяғында құрдымға кетеді, егер отбасы берік болып, тəрбие дұрыс жолға қойылған болса, онда мемлекеттік өмірдің сырттан күйреуі кездерінде де халық өмір сүруге қабілеттілігін сақтай отырып, мемлекеттің күш-қуаты мен бірлігін қалпына келтіре алады. Мемлекет отбасының нығаюына, оның сақталуына, оң дамуына мүдделі.Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.Отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады.