Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауына 350 азамат жазылып, өтініштерін білдірді.
Тұрғындар жауаптыларға пәтер, жер кезегі, инфрақұрылым және жеке мәселелеріне қатысты түрлі талап-тілектерін жеткізді.
Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
Тұрғындарға баспанамен, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жаңа талаптары түсіндірілді.
Мұрат Дүйсенбекұлы азаматтар өтініштерінің заң шеңберінде шешілетінін жеткізіп, сала басшыларына бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмау қажеттігін ескертті.
Еске салар болсақ алдыңғы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауы Алғыс айту күніне тұспа-тұс келген болатын. Көктеммен бірге келетін ізгілік пен мейірім мерекесіне орайластырылған бүгінгі қабылдау ерекше форматта ұйымдастырылды.
Халықты мегаполистің тыныс-тіршілігімен, әр салада атқарылатын алдағы жоспарлармен етене таныстыру үшін арнайы стендтер қойылып, басқармалардың жұмысы туралы бейнероликтер ұсынылған болатын.
Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың түрлі салаға қатысты өтініштерін қарастырды. Халық жауаптыларға тұрғын үй, жер кезегі бойынша түрлі өтініштермен қатар инфрақұрылым пролемаларына қатысты талап-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мегаполисті өркендетуге үлес қосуға ниетті қаланың белсенді азаматтары осы бағыттағы өз жобаларын ұсынды.
Тұрғындарға жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Қабылдауға 500-ге жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Бүгінгі көрсеткіш 350 адамның өтініштері қабылданды.
Қала әкімі қабылдауларда қоғамдық мәселелерді көтеріп, қаланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарға алғысын жеткізді. Сондай-ақ халықтың талап-тілектерін жіті зерделей келе бірқатарын қабылдау кезінде орындады. Мұрат Дүйсенбекұлы бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмауды ескертіп, жауаптыларға дер кезінде нақты шешім қабылдау қажеттігін жеткізді.